21.10.2009, 14:16 3310

Данияр Үсенов Қырғызстан премьер-министрі болып тағайындалды

Данияр Үсенов Қырғызстан премьер-министрі болып тағайындалды

Бішкек. 21 қазан. Kazakhstan Today - Қырғызстан президенті әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Данияр Үсенов Қырғызстан премьер-министрі болып тағайындалды. Осы жөніндегі жарлыққа бүгін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін таңертең парламенетте басым дауысқа ие "Ақ Жол" фракциясы билеуші партияның саяси кеңесі ұсынған Данияр Үсеновтың кандидатурасын үкімет басшысы лауазымына тағайындауға келісімін берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны