09.04.2009, 18:52 3490

Дариға Назарбаева Францияның Өнер және әдебиет орденінің иегері атанды

Бүгін Францияның мәдениет министрі Кристин Альбанель Франция Республикасының басты төрт марапаттарының бірі - Өнер және әдебиет (Ordre des Arts et des Lettres) орденін Дариға Назарбаеваға табыс етті.

Париж. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Дариға Назарбаева Францияның Өнер және әдебиет (Ordre des Arts et des Lettres) орденінің иегері атанды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Бүгін Францияның мәдениет министрі Кристин Альбанель Франция Республикасының басты төрт марапаттарының бірі - Өнер және әдебиет (Ordre des Arts et des Lettres) орденін Дариға Назарбаеваға табыс етті. Құрметті сыйлықты Франция үкіметі әлемдік мәдениетке жалпы және соның ішінде француз мәдениетіне үздік үлес қосқан тұлғаларды марапаттау үшін тағайындаған.

Франция Республикасының Өнер және әдебиет орденіне лайық деп танылғандардың арасында АҚШ киноәртісі Джордж Клуни (2007) мен әртіс Джуд Лоу бар. 2006 жылы бұл наградаға Ума Турман мен әнші Патти Смит ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны