16.02.2007, 13:14 3022

Дәрігерлердің жорамалына сәйкес, Қазақстанда тұмау дертінің өршу жағдайы тағы бір аптаға созылады

АСТАНА. 16-ақпан. Kazakhstan Today. санитарлық дәрігерлердің жорамалына сәйкес, Қазақстанда тұмау дертінің өршу жағдайы тағы бір аптаға созылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біздің жорамалымызға сәйкес, жылымық жалғасқан жағдайда тұмау дертінің өршу көрінісі тағы бір аптаға созылады, одан кейін ауру азая бастайды",- деді бүгін ҚР мемлекеттік санитарлық-эпидомиологиялық қызметінің алқа отырысынан кейін өткен баспасз мәслихатында еліміздің бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног.

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен елімізде өткір респираторлық вирусты жұқтыруға қатысты 600 оқиға, соның ішінде тұмауға шалдығу көріністері тіркеліп, 3 мыңдай адам ауруханаға жатқызылған. "Кісі қайтыс болу оқиғасы тіркелген жоқ", деді бас санитарлық дәрігер.

Қазіргі жағдаймен елімізде, А.Белоногтың айтуынша, тұмауға шалдығу оқиғалары орташа деңгейден асқан жоқ. "Тек 3-4 өңірде ғана ол эпидемиологиялық деңгейден асты", деді ол. "Қостанай және Павлодар облыстары мен Астана қаласында шектеу шаралары енгізілді, соның нәтижесінде тұмауға қатысты ахуал тұрақтанды", деді ол.

Бүгінде Қазақстанда А, А-1, А-3 және В түріндегі вирус таралуда.

"Ересектер мен балаларға арналған емханалар әзірге қалыпты тәртіппен жұмыс істеуде. Ал емдеу-профилактикалық мекемелер аурулар ағынына дайын", деді А.Белоног.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны