16.07.2008, 13:01 1486

Дауыл салдарынан Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Дауыл салдарынан Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Алматы. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Дауыл салдарынан кеше Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "АлматыЭнергоСбыт" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күн райының оқыс мінезінен жоғары кернеулі желі мен кабельге ақау келді. Сонымен бірге "Таугүл" ықшамауданына жарық беретін №147 және "Таулы қырат" ауылына жарық беретін №131 тораптық станцияларда апат болды.

"Бүкіл қала бойынша жарық үзілді. Күн райынан Медеу, Бостандық, Алмалы, Иуезов, Түріксіб аудандары зардап шекті. Жарық сағат 21.16-да үзілді. Иуезов ауданында электр қуаты сағат 00.17-де, ал қала бойынша ең соңында 4.36-да берілді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Электр қуатының болмауы салдарынан көптеген аудандарда көшедегі жарық, бағдаршамдар, үйлер мен басқа да нысандар жарықсыз қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны