28.08.2006, 11:53 3065

Демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс тобының басшысы құқық қорғау жүйесін түбегейлі реформалау қажет деп санайды

Демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс тобының басшысы құқық қорғау жүйесін түбегейлі реформалау қажет деп санайды

АСТАНА. 28-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі, әділет және құқық қорғау мекемелері жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Мақсұт Нәрікбаев құқық қорғау жүйесін түбегейлі реформалау қажет деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Судьялар мен погон таққан адамдардың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін бұзуға бағытталған заңсыз әрекеттері мен әрекетсіздігі осы мәселелер бойынша кешенді әрі түбегейлі өзгерістер қажет екенін дәлелдей түседі",- деп мәлімдеді бүгін мемлекеттік комиссияның кезекті төртінші отырысында сөз сөйлеген М.Нәрікбаев.

М.Нәрікбаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың тек алғашқы алты айында елімізде құқық қорғау мекемелерінің 15 090 қызметкері түрлі қылмыстары үшін, соның ішінде 183 адам сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды. "Ағымдағы жылы 9 судья мен 14 сот үкімін орындатушы темір тордың ар жағынан бірақ шықты, ал осыған дейінгі бес жылда бұл көрсеткіш тиісінше 31 және 117 болған",- деді ол.

М.Нәрікбаев осы орайда сонымен бірге ҚР президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияға 2005-жылы азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдарға жасалған талдауды ортаға салды. "Бұл шағымдардың 29 проценті соттың шешімімен келіспеуге, 8 проценті сот шешімдерінің орындалмауына байланысты. Барлық проблемалардың арасынан проценттік арақатынасы жағынан бұл ең көбі, бұдан кейін құқық қорғау мекемелерінің әрекеттері мен әрекетсіздігіне қатысты шағымдар 8,34 процентті құрайды",- деді М.Нәрікбаев.

"Заң бұзу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы өздері күресуге тиіс ортада осынау кесапаттың кеңінен таралу дерегіне бей-жай қарап отыру мүмкін бе",- деді жұмыс тобының жетекшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны