12.06.2017, 18:15 3332

"Денсаулық" медициналық пойызы Қызылорда облысына жол тартты

"Денсаулық" медициналық пойызы Атырау облысындағы жұмысын аяқтап, Қызылорда облысына бет алды. Кестеге сай бірінші аялдама - Сексеуіл бекеті болмақ.

Қызылорда. 12 маусым. Kazakhstan Today - "Денсаулық" медициналық пойызы Атырау облысындағы жұмысын аяқтап, Қызылорда облысына бет алды. Кестеге сай бірінші аялдама - Сексеуіл бекеті болмақ. Мұнда "Денсаулық" медициналық пойызыныӊ дәрігерлері тұрғындарды 14-17 маусым аралығында қабылдайды, содан соӊ Абай бекетіне барып, 18-20 маусым аралығында жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды medpoezd.kz.

Ары қарай дәрігерлер бригадасы Арал теӊізі бекетініӊ тұрғындарына қызмет көрсетуге кіріседі, пойыз бұл бекетте 21-24 маусым аралығында болады. Қызылорда облысындағы шалғайда орналасқан 28 темір жол бекеті мен жол айырығыныӊ тұрғындары темір жолдыӊ жылжымалы дәрігерлер бригадасыныӊ қызметіне жүгіне алады.

Қызылорда облысындағы темір жол бекеттерініӊ тұрғындары екі ай бойы, яғни 21 тамызға дейін денсаулықтарын тексерту үшін дәрігерлердіӊ тексеруінен өтіп, қажетті алғашқы көмек, кәсіби кеӊес және жақын жердегі медицина орталықтарында ары қарай емделуге жолдама ала алады.

"Денсаулық" медициналық пойызыныӊ 8 вагонында науқастарды толық тексеруге, амбулаториялық ота жасауға, емдеу кабинеттерініӊ қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған. Медицина бригадасыныӊ құрамында жоғары санаттағы терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, стоматолог дәрігерлер бар.

"Денсаулық" пойызы өз жұмысын 2017 жылы 21 сәуірде Маӊғыстау облысыныӊ Тұрыш бекетінен бастады, пойыз өз жолында Қазақстанныӊ батыс және оӊтүстік аймақтарындағы темір жол бекеттеріне барады, содан соӊ 2017 жылы 20 желтоқсанда Алматы облысында жұмысын аяқтайды.

Медпойыз дәрігерлер бригадасыныӊ бекеттердегі жұмыс кестесі - сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Барлық қызмет тегін көрсетіледі.

Жазда, жол үстіндегі бекеттерде, медицина пойызыныӊ жұмыс уақытында балаларға арнайы алаӊдар мен аттракциондар ұйымдастырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны