25.02.2016, 11:54 4319

"Денсаулық" Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстанныӊ денсаулық сақтау жүйесі кеӊінен жетілдірілетін болады

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен "ҚР денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру" атты брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен "ҚР денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру" атты брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өз сөзініӊ басында ол Мемлекет басшысы 2016 жылғы 15 қаӊтарда 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасына қол қойғанын еске салды. Ол келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: халықтыӊ денсаулығын қорғауға негіз болатын қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті (әрі қарай - МСАК) басымдықпен дамыту және оны жетілдіру негізінде халықтыӊ сұранысына қарай барлық денсаулық сақтау қызметтерін біріктіру; медициналық қызметтіӊ сапасын қамтамасыз ету; дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудіӊ Ұлттық саясатын жүзеге асыру; денсаулық сақтау жүйесініӊ қаржылық тұрақтылығы мен ынтымақтастығын енгізу негізінде аталған жүйені жетілдіру; денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудыӊ тиімділігін арттыру; мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, инновациялар мен заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде денсаулық сақтау саласыныӊ инфрақұрылымын әрі қарай дамытуды қамтамасыз ету.

"Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес, денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай дамытуға негіз ретінде Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі құрылатын болады (әрі қарай - ҚДЖ). Оныӊ негізгі атқаратын қызметтері: халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен ағарту шараларын жүргізу; жұқпалы және негізгі жұқпалы емес аурулардыӊ, оныӊ ішінде психикалық ауытқулар мен жарақаттанушылықты бақылау; халықтыӊ денсаулығын нығайту мен оны қорғауға бағытталған сектораралық өзара ынтымақтастықты қамтамасыз ету; эпидемиологиялық қауіпсіздік пен денсаулықты қорғау салаларындағы заӊнаманыӊ сақталуын бақылау; аймақтық және ұлттық деӊгейдегі аурулардыӊ дамуын ұзақ мерзімді болжау", - деп хабарлады Елжан Біртанов.

Вице-министрдіӊ айтуынша, оқушыларды сауықтыруға баса назар аударылатын болады. Осы ретте "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасыныӊ аясында мектептегі медицинаны білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру қарастырылуда. Оқушыларға арналған Сауықтыру шараларыныӊ жыл бойғы күнтізбесін жасау жоспарланып отыр. Ол балаларды профилактикалық тексеру шараларын білім беру ордаларында өткізуді, оқушыларды жыл бойы сауықтыруды; мектептерде аурулардыӊ алдын алуға бағытталған денсаулық сақтау технологияларын енгізуді қарастырады.

МСАК халыққа медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жүйесіндегі орталық звено болады. Оныӊ көлденеӊ (амбулаторлық-емханалық) және тік (психиатриялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық және т.б.) бейінді қызметтермен өзара әрекеттесуі өзгереді. МСАК аясында медициналық көмектіӊ көлемі мен тегін амбулаторлық емдеуге арналған дәрілік заттар тізімін кезеӊ-кезеӊімен ұлғайту жоспарланып отыр.

Вице-министр "Денсаулық" Мембағдарламасыныӊ басты бағыттарыныӊ бірі - Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу болып табылатынын (әрі қарай - АББ) айтты. Ол пациенттерге медқызметкерлермен бірлесе отырып өз ауруларын басқаруға және пациенттіӊ мультидисциплинарлық командалармен үнемі байланыста бола отырып, аурудыӊ асқынуына жол бермеуге, өзіне өзі көмек көрсету машықтарын үйренуге, сонымен қатар, денсаулығына әсер ететін факторларды бақылауға мүмкіндік береді.

2013 жылдан бастап АББ екі пилоттық тәртіпте Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарыныӊ 7 емханасында үш нозология бойынша енгізілуде: артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті. Тиімді тәжірибені ескере отырып, АББ-ны жүзеге асыру 2016-2017 жылдар аралығында - қосымша 5 аймақта, 2018 жылдан бастап ҚР барлық облыстарында жүзеге асырылатын болады.

Сонымен бірге Мембағдарламаныӊ аясында негізгі әлеуметтік маӊызы бар, жұқпалы емес аурулар мен елдіӊ демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар аурулар: миокардтыӊ жіті инфаркті, мидағы қан айналымыныӊ ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру бойынша медициналық көмек көрсетудіӊ біріктірілген моделін енгізудіӊ Жол картасы жасалғанын хабарлады. Ирбір бағыт бойынша қызметтіӊ барлық түрлері: алдын алу, емдеу шаралары, оныӊ ішінде оӊалту, диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік қызметтер көрсетілетін болады.

"Медициналық көмек көрсетудіӊ сапасын арттырудыӊ жаӊа институционалдық тетігі ретінде Медициналық қызметтердіӊ сапасы бойынша біріктірілген комиссия құрылды. Оныӊ қызметі - емдеу хаттамасын, медициналық білім стандарттарын, дәрілермен қамсыздандыруды, сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы қызметтердіӊ қолжетімділігі мен сапасын бақылау стандарттарын жетілдіру бойынша ұсынымдар жасау", - деді Елжан Біртанов. Сондай-ақ, ол комиссия жұмысына ҮЕҰ өкілдері белсенді түрде қатысатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Вице-министр дәрілік қамтамасыз ету Ұлттық саясатын жүзеге асыру шараларыныӊ аясында 2015 жылы Қазақстанда тіркелген барлық дәрілік заттардыӊ тізімі бар, клиникалық тиімділігі дәлелденген дәрілік заттар енгізілген, мүмкін болар кері әсері туралы ақпарат және әрбір тауар атауыныӊ шекті бағасы көрсетілген Ұлттық дәрілік формуляр жасалғанын мәлімдеді. Ұлттық дәрілік формулярдыӊ келесі кезеӊі - 2018 жылдан бастап GXP халықаралық стандарттарына өту (дәрілік заттар айналымы саласындағы лайықты фармацевтикалық практика - дәрілерді өндіру, тасымалдау, сақтау, дәрілік заттарды жүзеге асыру).

Денсаулық сақтау жүйесініӊ қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілетін болады (әрі қарай - МИМС). Мемлекет азаматтардыӊ 15 санаты үшін (оныӊ ішінде 12-сі халықтыӊ әлеуметтік тұрғыдан осал топтары) жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер - жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Бүгінгі таӊда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Аталған құжатқа сәйкес, биылғы жылы нормативтік-құқықтық база жасалып, Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылатын болады (әрі қарай - ИМСҚ). Бұл 2017 жылғы 1 қаӊтардан бастап белгіленген соманы жинақтау және 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ИМСҚ арқылы медициналық қызметтер төлемдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау жүйесініӊ орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйым басшылары үшін жаӊа біліктілік және функционалдық талаптарын енгізу, халықтыӊ сұранысына қарай кадрлық ресурстарды жоспарлау жүйесін жетілдіру, кәсіби қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардардыӊ өкілдерін шақыру арқылы медициналық қызметкерлердіӊ білімі мен дағдыларын тәуелсіз бағалау арқылы адами ресурстарды стратегиялық басқару жүзеге асырылады.

"Медициналық және мейіргерлік білім беруді дамыту клиникалық тәжірибе, медициналық білім беру және ғылыми қызметтіӊ ұштұғырлығын қарастырады. Аталған мақсатта медициналық қызметтер мен кадрларды дайындаудыӊ толық кезеӊі қағидасымен ғылыми ұйымдардыӊ, медициналық ЖОО-ныӊ, стационарлық және амбулаторлық ұйымдарды біріктіру негізінде интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды (университеттік емханаларды) дамыту тұжырымдамасы жасалды. Жаӊа клиникалық базалар мен университеттік клиникаларды құру жетекші халықаралық медициналық университеттер және ұйымдармен серіктестік негізінде жүзеге асырылады. Академиялық үрдістерге жетекші шетел мамандары, басшыларды (менеджерлерді), ғалымдар мен оқытушыларды тарту тәжірибесі кеӊ көлемде қолданылатын болады", - деп хабарлады Елжан Біртанов.

Денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай реформалау халықтыӊ толыққанды, сапалы медициналық қызметтерге деген икемді сұранысына сай инфрақұрылымды құруға негізделетін болады. Оныӊ ішінде медициналық ұйымдарды қосу мен тік және көлденеӊ біріктіру арқылы денсаулық сақтау саласыныӊ мемлекеттік инфрақұрылымын оӊтайландыру жоспарланып отыр. Сонымен бірге, облыстық және республикалық ұйымдарды, ЖОО мен ғылыми орталықтарды кезеӊ кезеӊімен "Назарбаев Университеті" ДББҰ тәжірибесі негізінде денсаулық сақтау саласыныӊ автономдық ұйымына трансформациялау мүмкіндігі қарастырылады.

ЭЫДҰ стандарттарыныӊ негізінде денсаулық сақтау саласыныӊ инфрақұрылымдары стандарттарыныӊ жаӊа жүйесін, сонымен қатар, денсаулық сақтау нысандарыныӊ қоршаған ортаға зиянсыздығын, ресурстарын сақтау, энерготиімділігі саласындағы стандарттарды әзірлеп, енгізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, "Денсаулық" Мембағдарламасы аясында медициналық техника, МЖИ сервистік келісімшарттарын жүзеге асыру, жеке лизингті дамыту Ұлттық дерекқорын жасау қарастырылады.

Бірегей біріктірілген ақпараттық ортаны құру аясында ақпараттық жүйелер мен денсаулық сақтау саласыныӊ ресурстары біріктірілетін болады, госпитальдық ақпараттық жүйе енгізіліп, пациенттіӊ электрондық денсаулық паспорты мен жеке кабинеті арқылы өз денсаулықтары туралы ақпаратқа қолжетімділік қамтамасыз етіледі, сонымен бірге, МЖС негізінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен смарт-медицинаныӊ тиімді қызмет етуі үшін IТ-құралдар енгізілмек.

Госпитальдық ақпараттық құралдарға медициналық ұйымдардағы барлық процестерді автоматтандыру, медициналық ақпаратты қағазсыз технология арқылы жүргізуді енгізу кіреді.

Сонымен қатар, пациенттердіӊ дәрігерлерге қаралу үшін өздігінен онлайн-жазылу шаралары, онлайн уақыт тәртібінде жеке стационарлық компьютерлер мен смартфондарды қолдану арқылы оларға кеӊес беру мен бақылау сатылай енгізілетін болады.

2019 жылға қарай халықты электрондық денсаулық паспортымен және электрондық госпитализациямен қамтамасыз ету 50%-ға, бірегей желіге қосылған медициналық ұйымдар үлесі 80%-ға жететін болады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны