16.04.2013, 14:33 4990

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қытай медицинасының ірі орталығын құру мәселесін талқылады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ведомствоның жауапты хатшысы Серікбол Мусиновтың Қытай Халық Республикасының дәстүрлі қытай медицинасы істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары У Чжэньдоу бастаған делегациясы өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Астана. 16-сәуір. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қытай медицинасының ірі орталығын құру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ведомствоның жауапты хатшысы Серікбол Мусиновтың Қытай Халық Республикасының дәстүрлі қытай медицинасы істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары У Чжэньдоу бастаған делегациясы өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"Кездесу барысында тараптар Қазақстанда дәстүрлі қытай медицинасының ірі емдеу мекемесін құру мәселесін талқылады", - деп атап өтті Денсаулық министрлігінде.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Қазақстанда да халық медицинасы дамып жатқанын, түрлі орталықтар және халық емшілері қауымдастығы жұмыс істейтінін айтты. Тиісінше, Қазақстан қазіргі заманғы медицинамен қатар бұл бағытты да дамытатын болады, бірақ мұнда басты талап - халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетілуі тиіс. Және бұл салада 5 мың жылдық тарихы бар қытай халық медицинасын дамыту тәжірибесі пайдалы болмақ.

Кездесу қорытындысында тараптар дәстүрлі медицинаны қоса алғанда екі елдің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығын белсенді дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны