03.04.2007, 13:44 3070

Денсаулық сақтау министрлігі мен білім беру министрлігі мектептерде кәсіби медициналық байқау жүргізудің кешенді бағдарламасын жасайды

АСТАНА. 3-сәуір. Kazakhstan Today. Денсаулық сақтау министрлігі мен білім беру министрлігі мектептерде кәсіби медициналық байқау жүргізудің кешенді бағдарламасын жасайды. Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой бүгін үкіметтің отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз білім министрлігімен келісіп, мектептерде көз және тіс дәрігерлері тәрізді түрлі салалық дәрігерлердің қатысуымен мектеп оқушыларының денсаулығын кешенді бағалау үшін кәсіби медициналық байқау жүргізудің кешенді бағдарламасын жасауды ұйғардық",- деді А.Дерновой.

"Изірге бұл жұмысқа біз қанағаттана алмай отырмыз",- деді министр. Оның айтуынша, "қазіргі таңда ұйымдасқан ұжымдарда, атап айтқанда, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған және білім беру мекемелерінде медициналық қызмет көрсету жағы мейлінше әлсіз". Министрдің мәліметінше, республиканың білім беру мекемелерінің медициналық бөлмелермен қамтамасыздық деңгейі еліміз бойынша орта есеппен 72 процентті құрайды.

Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, осы оқу жылында еліміздегі мектептерде 5996 медициналық кабинет жұмыс істеді. Бұл қажеттіліктің 76 проценті. "Алматы мен Астанада осы мәселе бойынша жағдай жақсы. Ал өңірлерде тапшылық бар",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны