01.11.2012, 12:48 3074

Денсаулық сақтау министрлігі мен Нұр Отан ҚР-да денсаулық сақтау саласында күш біріктірмек

Меморандумға қол қою Қазақстан Республикасының Президенті Н.И.Назарбаевтың "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" мақаласында алға қойған міндеттерді іске асыруға бағытталған.

Астана. 1-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Меморандумға қол қою Қазақстан Республикасының Президенті Н.И.Назарбаевтың "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" мақаласында алға қойған міндеттерді іске асыруға бағытталған.

Меморандумда сапалы медициналық қызмет көрсету, өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ел халқының өмір сапасын арттыруда өзара ынтымақтастық және бірлесіп күш салу көзделген.

Мұндай ынтымақтастықтың басты мақсаты - медициналық қызмет көрсету, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласында заңнама талаптарын бұзу фактілері бойынша өзара ақпарат алмасу, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, азаматтық қоғамның әртүрлі құрылымдарымен өзара ынтымақтастықты күшейту, саламатты өмір салтын насихаттау сияқты мәселелер бойынша партия мен мемлекеттік органның әлеуетін біріктіру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны