08.12.2009, 16:30 3561

Денсаулық сақтау министрлігі тұмаудың алдын алу мен емдеуге арналған дәрілік заттардың бөлшек сауданың бағасын белгіледі (толықтырылған)

Денсаулық сақтау министрлігі тұмаудың алдын алу мен емдеуге арналған дәрілік заттардың бөлшек сауданың бағасын белгіледі (толықтырылған)

Астана. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Денсаулық сақтау министрлігі тұмаудың алдын алу мен емдеуге арналған дәрілік заттардың бөлшек сауданың бағасын белгіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тұмаудың алдын алу мен емдеуге арналған дәрілік заттармен және жеке қорғаныш құралдарымен үздіксіз қамтамаcыз етуге және олардың бағасының өсуін тежеуге бағытталған шұғыл шаралар қабылдауды іске асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі 8 атаулы препараттарға бөлшек сауданың бағасын белгіледі.

Атап айтсақ, Оксолин, назалды жақпа май 0,25% 10г - 85 теңге, ТамифлюИ(Осельтамивир), капсула 75мг №10 - 4300 теңге, РелензаИ (Занамивир), ротадискіде дозаланған ингаляцияға арналған ұнтақ, жинақтағы дискхалер 5мг/доза №5 сауытта 5мг блистерде 4 - 4000 теңге, Аскорбин қышқылы, таблетка 0,1г глюкозамен №10 - 20 теңге, Аскорбин қышқылы, драже 0,05г №200 - 100 теңге, Медициналық маска - 20 теңге, Парацетамол, таблетка 0,2г №10 - 10 теңге, Парацетамол, таблетка 0,5г №10 - 20 теңге.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, министрлік аталған дәрілік заттар мен қорғаныш құралдарының бағасына, сондай-ақ республиканың барлық өңірлеріндегі көтерме қоймалар мен бөлшек сауда желісіндегі препараттардың қалдығының болуына күн сайын мониторинг жүргізіп отыр. Дәрілік заттар жеткілікті мөлшерде бар және қажет болған жағдайда Қазақстанның кез-келген өңіріне бір тәулік ішінде жеткізіледі.

"Республика аумағында республикалық қаражат есебінен - 29976 орама, жергілікті қаражат есебінен - 8287 орама сатып алынған Тамифлю (осельтамивир) 75 мг №10 препараты бар. Сонымен қатар, желтоқсан айының ортасында "Медсервис" көтерме компаниясы бөлшек саудада өткіз үшін Тамифлю (осельтамивир) 15 мың. орамасын және Реленза (занамивир) 100 мың. орамасын әкеледі. Желтоқсанның аяғында "Химфарм" АҚ отандық оксалин жақпа майы өндіріске шығарылатын болады. Өндіруші зауыт жеңілдіктер беріп отыр, Тамифлю, Реленза препараттарына, Оксалин жақпа майына арналған бөлшек сауда бағасы берілген деңгейді ұстап тұратын болады.

Бағалары белгіленген дәрілік заттар тізімі және Медициналық және фармацетикалық қызметті бақылау комитетінің мекенжайы мен телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www.mz.gov.kz сайтында орналастырылған",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны