08.06.2017, 16:56 4011

Денсаулық сақтау министрлігінде денсаулық сақтау саласындағы медиацияны дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде "Денсаулық сақтау саласында медиацияны дамыту: дамыту қажеттілігі мен перспективалары" тақырыбында бірінші халықаралық конференциясы өтті.

Астана. 8 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде "Денсаулық сақтау саласында медиацияны дамыту: дамыту қажеттілігі мен перспективалары" тақырыбында бірінші халықаралық конференциясы өтті.

Іс-шараныӊ ұйымдастырушылары: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтау ұлттық палатасы, Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ Медиация кеӊесі, Денсаулық сақтау кадрларыныӊ дипломнан кейінгі білім беру академиясы, "Арман" отбасы және медициналық құқық бюросы мен "Келісім" медиация орталығы. Конференцияныӊ жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары да қатысты.

Қазақстандықтардыӊ істі сотқа жеткізбей дауларды шешу мүмкіндігі 2011 жылы басталған, ол туралы Мемлекет басшысы Н.И. Назарбаев "Медиация туралы" ҚР Заӊына қол қойған болатын. Қазіргі таӊда республиканыӊ аумағында медиацияныӊ бірнеше орталығы - Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Көкшетеу қалаларында жұмыс істейді.

Пациенттердіӊ тарапынан көрсетілетін медициналық қызметтердіӊ сапасына шағымдарын тексеру бойынша халықаралық практика медиация тетіктерініӊ барынша перспективалы екенін көрсетті. Денсаулық сақтау саласындағы медиацияны дамыту аса маӊызды, өйткені, пациентжиі дәрігердіӊ немесе медициналық ұйымныӊ қызметіне жүгіне отырып, алдын ала кез келген жағдайда ол-зардап шеккенде зиянды өтеуге ниетті, оған сөзсіз құқығы бар тарап және тек сот қана оныӊ мүддесін қорғай алады. Мұндай жағдайда медиация көмектесе алады.

Медицинада білікті конфликтолог-медиаторлардыӊ жетіспейтінін атап кеткен жөн. Медициналық қызмет көрсету саласындағы шиеленістердіӊ қатысушыларыныӊ заӊнамалық бекітуді талап ететін, оны реттеудіӊ әртүрлі тәсілдерін таӊдау мүмкіндігі болуы тиіс. Дауларды реттеудіӊ сәйкес тәсілдеріне жүгіну ерікті сипатта болады. Сондықтан пациенттер шиеленіс тарабы ретінде оларға тек бұл жүйе өзініӊ тиімділігін дәлелдеген жағдайда ғана жүгінеді. Медиация азаматтардыӊ көпшілігі үшін шиеленістіӊ басқа тарабыныӊ құқықтарын танитын және құрметтейтін және өзініӊ таӊдауына жауапты болатын өз бетінше іс-қимыл жасауға қабілетті тұлға үшін құрал ретінде қолжетімді болуы тиіс.

Соған байланысты, өткізіліп отырған конференция медиаторлық құралын одан әрі ілгерілету үшін шешімніӊ тетіктерін табуға көмектесуге арналған.

Ұлттық денсаулық сақтау палатасы кейіннен халықаралық жаттықтырушыларды шақыра отырып, денсаулық сақтау саласындағы медиацияныӊ негіздеріне оқытуды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Одан басқа, Астана қаласында өз мүшелерініӊ, яғни медицина қызметкерлерініӊ үшінші тұлғалардыӊ алдындағы кәсіби жауапкершілігіне кепілдікті жүзеге асыру үшін Палатаныӊ айдарымен әділет органдарында "Сенім" медицина қызметкерлерініӊ кәсіби жауапкершілігіне кепілдік" қоры тіркелді. Қор қызметініӊ мәні республиканыӊ заӊнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы медицина қызметкерлерініӊ кәсіби жауапкершілігініӊ кепілдігін жүзеге асыру, оныӊ міндеттерініӊ бірі денсаулық сақтау саласындағы медиацияны дамыту болып табылады.

"Медиация" ұғымы "mediare" - араға кіру деген латын тілінен алынғанын естеріӊізге саламыз. Оныӊ негізгі қағидаттары бір біріне құрмет көрсету, бір бірін қабылдау, бірін бірі тыӊдай және ести білу, құпиялылықты міндетті түрде сақтау болып табылады - бұл жеӊімпаздар болмаған кезде одан жеӊімпаздар болып шығатын дауға барлық қатысушылар үшін мүмкіндік. Медиатор (араға кіруші) - бұл шиеленіске мүдделі емес, үшінші, бейтарап, тәуелсіз тарап болып табылатын адам немесе адамдардыӊ тобы, шиеленіскен адамдарға бар дауды шешуге көмектеседі. Бұл ретте тараптар дауды реттеу бойынша шешімді қабылдау процесі мен оны шешу талаптарын бақылайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны