30.01.2008, 16:57 1523

Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық қамсыздандырылуына 26 млрд теңге бөлінді

Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық қамсыздандырылуына 26 млрд теңге бөлінді

Астана. 30 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда биылғы жылы денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық қамсыздандырылуына 26 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрлігінің коллегиясында ведомство басшысы Анатолий Дерновой хабарлады.

"Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникасын жаңартуға 2008 жылы 26,1 млрд теңге жұмсалады. Республикалық деңгейдегі ұймыдарға 8,4 млрд теңге мөлшерінді техникалық құрал- жабдықтар сатып алынса, жергілікті ұйымдарға 17,7 млрд теңге бөлінеді", - деді министр.

Денсаулық сақтау нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарына биылғы жылы 1,3 млрд теңге бөлінді, деп атап өтті А. Дерновой.

Ведомство басшысы атап өткеніндей, 2007 жылы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға 300 млрд теңге жұмсалды. Бұны 2006 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 34% жоғары.

"Жыл сайын кепілдендірілген тегін медициналық көмекке бөлінетін шығын ұлғайтылып, 2006 жылы ел бойынша сырқаттанған бір адамға 9 мың 172 мың теңге қарастырылса, 2007 жылы ол 12 мың 700 теңгеге жеткізілді ", - деп атап өтті министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны