26.05.2021, 20:39 19669

Депутат 18 жасқа дейінгі әр балаға әмбебап жәрдемақы енгізуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. 26 МАМЫР - Мәжіліс депутаты Айжан Сқақова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановқа жәрдемақы мен төлемдердің барлық түрлерін жойып, 18 жасқа дейінгі әрбір балаға бір әмбебап жеткілікті жәрдемақы енгізуді ұсынды.
 

Ана мен бала, олардың денсаулығы мен әл-ауқаты бір-бірімен тығыз байланысты. Сонымен, бірінші фактор – бала күтімі бойынша жәрдемақы мүлдем жеткіліксіз! Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы: бірінші балаға 16 802 теңгені, екінші балаға – 19 865 теңгені, үшінші балаға – 22 898 теңгені, төртінші және одан артық балаға – 25 961 теңгені құрайды. Бұл бір балаға күніне 560 теңгеден 865 теңгеге дейін жұмсалады деген сөз. Ал қамаудағы бір адамның тамағына 1 018 теңге қарастырылған. Баланың анасына жәрдемақыда ақша қарастырылмаған!", - деді депутат Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған сауалында.

 
Оның пайымынша, жәрдемақыларға қатысты рәсімдердің көптігі, оларды әкімшілендірудің күрделілігі сыбайлас жемқорлық схемаларын тудырады. Сондай-ақ азаматтарды заңсыз әрекеттерге итермелейді. Мысалы, АӘК жағдайында адамдар отбасының табысын азайту мақсатында ата-аналардың жалған ажырасуы сияқты және т.б. жәрдемақы алудың схемаларына жүгінеді.
 
Бұдан бөлек А. Сқақова осал топтағы қазақстандықтар үшін тұрғын үйдің қолжетімсіздігі мәселесіне тоқталды.
 

Қолда бар мемлекеттік бағдарламалардың жеткіліксіз екенін түсіну керек. Өйткені олар барлық қазақстандықтарға жарамайды. Олар ең болмағанда орташа табысы бар адамдарға арналған", - деді депутат.

 
Депутат ұсынды:
 
1. Жәрдемақылар мен төлемдердің барлық түрлері жойылсын және орташа жалақы сомасында Қазақстан Республикасының туу және азаматтығы құқығы бойынша барлық балаларға тағайындалатын 18 жасқа дейінгі әрбір балаға бір әмбебап жеткілікті жәрдемақы енгізілсін. Жәрдемақы баланың қажеттіліктерін қамтуы керек, бұл біздің партиямыз ұсынған нәресте тұтыну қоржынына сәйкес және бала күтімі кезеңіндегі ананың қажеттіліктері.
 
2. Бала күтімі мерзімін 3 жылға дейін ұзарту.
 
3. Азаматтардың осы санаттарына бейімделген талаптармен, нөлдік пайыздық мөлшерлемемен, бастапқы жарнасыз, әлеуетті қатысушылардың үш жыл тұру фактісін, мысалы, уақытша тіркеу және осы кезең ішінде балаларының балабақшаға немесе мектепке баруы туралы анықтама бойынша жеңілдетілген растаумен тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу. Бұған көп балалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін қосымша ақшалай қаражат көзделсін.
 
4. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді беру бағдарламасын қайтару.
 
5. Ауылдық жерлерде көлік қолжетімділігін, инженерлік инфрақұрылымның, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің болуын ескере отырып, көп балалы және толық емес отбасыларға, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 20 сотық мөлшерде жер учаскелері басым тәртіппен бөлінсін.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны