04.04.2007, 17:10 3463

Депутат Назарбаева құқық қорғау органдарына журналистерді қорғау мақсатында сауалдар жолдады

АСТАНА. 4-сәуір. Kazakhstan Today. Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева құқық қорғау органдарына журналистерді қорғау мақсатында сауалдар жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Атап айтсақ, бүгін өткен палатаның жалпы отырысында депутат Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің атына жолдаған сауалдарын оқып берді. Онда депутат журналист Галина Выборноваға қатысты қылмыстық істі Алматы қалалық сотына жіберуді сұрады.

АСТАНА. 4-сәуір. Kazakhstan Today. Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева құқық қорғау органдарына журналистерді қорғау мақсатында сауалдар жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Атап айтсақ, бүгін өткен палатаның жалпы отырысында депутат Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің атына жолдаған сауалдарын оқып берді. Онда депутат журналист Галина Выборноваға қатысты қылмыстық істі Алматы қалалық сотына жіберуді сұрады.

Депутат Выборноваға қатысты қылмыстық істің "жеке айыптауға қатысты екенін және ауыр қылмыс болмауға байланысты қадағалау тәртібіне сәйкес Жоғарғы сотта қаралмайтынын" атап өтті. "Демек, апелляциялық және қадағалау тәртіптерінің қай-қайсысына қатысты болмасын шектеулі. Және оны Жамбыл облыстық судьялары қарайтындықтан, журналистер қоғамдастығы олардың әділ қарайтындығына күмән келтіреді",- деді Д.Назарбаева.

Осы орайда ол Жамбыл облыстық сотының судьясы Б.Беріковтың шағымы бойынша Тараз қалалық соты Г.Выборнованы бір республикалық газетте жарияланған мақаласы үшін жалған жала жапқан кінәлі деп тауып, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға үкім шығарды, деп еске салды. "Бұл мақалада журналист ҚР ІІМ мен прокуратураның ұйымдасқан қылмыспен күреске бағытталған күш-жігерін қолдап, облыстық ІІД мен прокуратура қызметкерлерінің Жамбыл облыстық сотының судьясы Б.Беріковтың танымал ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілерін ақтап шығарған үкіміне қатысты пікір-көзқарастарын келтірген",- деді депутат.

Сонымен бірге Д.Назарбаева Бас прокуратураға "Республика" газетінің редакторы Ирина Петрушованың ел аумағына кедергісіз кіру мүмкіндігіне қатысты депутатттық сауал жолдады. "Сізден мынадай сауалдарға ресми түрде жауап беруді сұраймын: Ирина Петрушоваға қатысты іс қазір қай сатыда? Қазақстан Республикасы аумағында оған қандайбір қудалау шарасы қолданылуы мүмкін бе? Ирина Петрушова журналистік және басқа да қоғамдық ұйымдар өткізетін шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасы аумағына еркін кіріп-шыға ала ма? ",- деді Д.Назарбаева.

Бұл ретте депутат еске салып өткендей, "PR-консалтинг" ЖШС-нің бас директоры болып тұрған кезде И.Петрушоваға республиканың құқық қорғау мекемелері 1999 және 2000 жылдар аралығында 1695,2 мың теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған, сондай-ақ, Алматы қалалық ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының 2002-жылғы 27-наурызындағы шешімін орындамаған деп айыптаған болатын".

Д.Назарбаеваның ақпаратына сәйкес, гезет қожайынына 2002-жылдың қаңтар-ақпан айларында жүргізілген салық тексерулері барысында анықталғанындай, салықтың кейбір түрлері бойынша "PR-консалтинг" ЖШС бюджетке салықты асыра төлесе, тағы кейбір түрлері бойынша шала төлеген. ""PR-консалтинг" ЖШС салық төлемдері арасындағы айырмашылықты мемлекеттік бюджетке қосымша төлеу арқылы берешекті жауып, салық бойынша қарызынан құтылған",- деді депутат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны