10.02.2021, 19:19 12868

Депутаттар Жайық өзенін ерекше маңызы бар объектілер қатарына енгізуді талап етеді

Мәжіліс депутатының айтуынша, Жайық өзенінің жайылмасы түгелдей тозған және Каспий теңізінің бекіре тұқымдас балықтарының уылдырық шашуы үшін өз сапасын жоғалтқан.
Нұр-Сұлтан. 10 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Мәжіліс депутаттары Жайық өзенін ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің қатарына енгізуді талап етеді, өйткені өзен суының көлемі үш жыл бойы орташа көп жылдық көрсеткіштен үш есе төмен болып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
 
Мәжіліс депутаты Дүйсембай Тұрғановтың айтуынша, Жайық өзенінің жайылмасы түгелдей тозған және Каспий теңізінің бекіре тұқымдас балықтарының уылдырық шашуы үшін өз сапасын жоғалтқан. 
 

Ғалымдардың пікірінше, жайылмалы ормандардың тозуы себебінен соңғы он бес жылда уылдырық шашатын жерлердің ауданы 80%-ға, яғни 958 гектардан 197 гектарға дейін қысқарды, бұл Жайық өзенімен, Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтардың азаюына әкелді", - деді мәжілісмен.

 
Депутаттар ҚР Премьер-Министрінің атына жолдаған өз сауалында Жайық өзенімен қатар өңірдің Жем, Ойыл және Сағыз өзендерінде де өте аз ағын байқалатынын, олар да осы жағдайларда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында үлкен маңызы бар екенін және үкіметтік органдар тарапынан оларды сақтап қалу шараларын қабылдауды талап ететінін атап өтті.
 

Сонымен қатар, Жайық өзенін сауықтыру жөніндегі қолданыстағы бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру және жаңасын әзірлеу процесі қисынсыз ұзаққа созылып, қандай да бір оң және көзге көрінетін нәтижелер бермеді, ал бұл өзеннің толықтай тартылып кетуі қауіпін төндіреді. Өзен суының тартылу жылдамдығы жыл сайын артып келеді. Депутаттармен осы мәселені шешу бойынша Үкіметке бірнеше рет сауалдар жіберілді, бірақ бүгінгі күнге дейін тиімді шаралар қабылданған жоқ", - деп наразылық білдірді мәжілісмендер.

 
Осы айтылғандарды негізге ала отырып, депутаттар келесіні ұсынады:
 
- Жайық-Каспий бассейнінде су шаруашылығы жағдайын жақсарту бойынша қабылданып жатқан нақты шаралар, оның ішінде шекаралас мемлекетпен бірлесе су тапшылығы мәселесін шешу бойынша қабылданған шаралар туралы толық ақпарат беру;
 
- Жайық өзенін ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің қатарына қосуды, өйткені ол өңірдің қоршаған ортасы мен экономикасына басым әсер етеді, сондықтан шаруашылық қызметті реттеудің ерекше құқықтық режимін талап етеді;
 
- Жайық трансшекаралық өзені бассейннінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі 2021-2024 жылдарға арналған Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының бағдарламасын оған гидротехникалық құрылыстар салу мен су қоймаларының жұмыс режимін мақұлдауды қоса отырып түзету және жүзеге асыру процесін жеделдету;
 
- Қазақстан Республикасы Су кодексінің 103-бабына сәйкес, өңірдің ірі өнеркәсіптік нысандарының айналмалы сумен қамту жүйесіне көшуі жоспарын әзірлеу;
 
- Шағын Сағыз, Ойыл, Жем өзендерін сақтау бағдарламасын әзірлеу. 
 
Бұған дейін хабарланғандай, экологтар Жем және Ойыл өзендеріндегі су ағынының айтарлықтай төмендегенін атап өтті.
 

Шаруашылық қызметке климаттық факторлардың өзгеруін енгізу нәтижесінде шартты-табиғи кезеңмен салыстырғанда Жем өзеніндегі ағынның орташа жылдық көлемі 201 млн.м3 (58% - ға), Ойыл өзені бойынша - 233 млн. м3 (25% - ға) дейін төмендеді", - деп хабарлады Экология министрлігінің баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны