23.02.2015, 09:26 3764

Дүйсенбіде Қазақстанныӊ басым бөлігінде күн ашық болады

Алматы облысындағы Жалаӊашкөл аумағында жел 18-23 м/с-қа дейін күшейіп, ұйтқуы 28 м/с-қа дейін жетеді.

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым бөлігінде бұрынғыша антициклонныӊ ықпалымен күн ашық болады, солтүстікте, шығыста, орталықта және оӊтүстікте, оӊтүстік-шығыста ғана атмосфералық ағындардыӊ өтуімен жауын-шашынды болып, бұрқасын көтеріледі, жел күшейеді, Қазақстан аумағыныӊ кейбір жерлерінде тұман түсуі күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайдар комитеті "Қазгидрометке" сілтеме жасап, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы облысындағы Жалаӊашкөл аумағында жел 18-23 м/с-қа дейін күшейіп, ұйтқуы 28 м/с-қа дейін жетеді. Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдіӊ күші 15-20 м/с. Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Павлодар облысында түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын болады, желдіӊ екпіні 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, желдіӊ күші 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұрқасындатады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны