22.10.2007, 19:17 3198

Душанбеде Орта Азия елдерінің еңбек миграциясы проблемалары талқыланды

Душанбеде Орта Азия елдерінің еңбек миграциясы проблемалары талқыланды.

Душанбе. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" Душанбеде өткен аптада Орта Азия елдеріндегі еңбек көші-қон проблемаларын шешуге бағытталған және осы саладағы ынтымақтастық стратегиясын әзірлеу және бастамаларды қолдау туралы іс-қимылдарды талқыланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ашық Қоғам Институтты -қорының тәжік филиалының өкілі Рухшона Олимова хабарлағанындай, "Орта Азия елдерінен еңбек көші-қоны және РФ -сының Орал аймағындағы еңбек көші-қон саясаты" тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті.

Дөңгелек үстелді "Перспектива+" қоғамдық қоры мен ТР ІІМ-нің Көші-қон қызметі Ашық Қоғам Институты -қорының тәжік филиалы ұйымдастырды. Шараға Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттік ұйымдар мен Свердловск облысының өкілдері және жергілікті, халықаралық ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысты.

РФ-ның Федаралдық көші-қон қызметінің мәліметі бойынша 2005 жылы Ресейде шамамен 500 мың еңбек мигранттары заңды түрде еңбек етсе, оның 53 мыңы Тәжікістан, 49 мыңы Өзбекстаннан, ал Орта Азия елдерінің "заңды мигранттарының" жалпы саны 122 мың ғана болды. Түрлі бағамдаулар бойынша бүгінгі күні Ресейде 300 мыңнан астам қырғызстандық, 500 мыңдай тәжістандықтар тұрады. Басқа сарапшылар бұл санды 10-30 пайызға артық деп бағамдайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны