18.06.2009, 17:36 2686

Егер оффшорлық қитұрқылықтар дер кезінде жойылған болса, Қазатомөнеркәсібіне қатысты ахуалға жол берілмес еді - сенат депутаты

Егер оффшорлық қитұрқылықтар дер кезінде жойылған болса, Қазатомөнеркәсібіне қатысты ахуалға жол берілмес еді - сенат депутаты

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Егер оффшорлық қитұрқылықтар дер кезінде жойылған болса, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның басшылығын тұтындау мен ұлттық компанияның қаражатын талан-таражға салуға айыптау секілді оқиғаларға жол берілмес еді. Бұл туралы Сенат депутаты Ғани Қасымов бүгін сенаттың жалпы отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Мен осыдан екі жыл бұрын айтқан едім: оффшорлық аймақтарды жойыңыздар, Салық кодексіне осы жөнінде жазыңыздар деп. Мемлекет оффшорлық қитұрқылықтарға қарсы күресуге тиіс", - деді Ғ. Қасымов.

"Егер осыдан екі жыл бұрын осы ұсыныс қолдау тапқан болса, қазіргідей "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ына қатысты проблема туындамас еді", - деп өкініш білдірді сенат депутаты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны