15.12.2020, 21:16 8588

Egov.kz сайтында енді жер учаскесін сатып алуға немесе жалға алуға болады

Елімізде алғаш рет Ақтөбе қаласының аумағында мемлекет меншігіндегі жер учаскесі онлайн сатылды.

Ақтөбе. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Азаматтарға арналған үкімет egov.kz порталында "Жер учаскесін мемлекет меншігінен беру" және "Жер учаскелерін сату бойынша сауда-саттық (аукциондар) ұйымдастыру немесе жер учаскелерін жалға беру құқығын ұйымдастыру және өткізу арқылы жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен беру" мемлекеттік қызметтерін көрсетудің жаңа пилоттық жобасын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Елімізде алғаш рет Ақтөбе қаласының аумағында мемлекет меншігіндегі жер учаскесін беру және оны сауда-саттық аукционы бойынша саудалау немесе жалға беру құқығы қызметтері аясында жер учаскесі сатылды.

Сынақ ретінде іске қосылған жоба аясында электронды үкімет порталы мен Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры, жергілікті атқарушы органның геопорталы және электронды сауда алаңының ақпараттық базалары өзара ықпалдастырылған болатын.

Алғашқы онлайн сауда барысында Ақтөбе қаласында мемлекет меншігіндегі екі сауда учаскесі сатылған. Оның бірі – Балабақша құрылысына арналған коммерциялық жер учаскесі. Ондағы аукцион аясында 5 өтініш түсіп, 1 га аумақ жер 7,8 млн теңгеге сатылды. Екінші жер учаскесі коммерциялық ғимаратқа арналған, мемлекет меншігіндегі 0,1 га аумақ жер аукционына 11 қатысушы өтініш беріп, жеңімпаз аталған жерді 10,3 млн теңгеге сатып алған.

Жер қатынастары және сәулет саласындағы жүргізілетін жұмыстарды цифрландыру аясында аталған пилоттық жоба Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау қалаларында да жүргізілетін болады.

Айта кетейік, Азаматтарға арналған үкімет "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында ақпараттық жүйелерді шоғырландыру жолымен жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін құру және енгізу жұмыстарын бастаған болатын.

8 желтоқсанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бизнеске арналған "Жеке менеджер" атты жаңа қызметті іске қосты. Осы жоба шеңберінде заңды тұлғалар мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ ала алады, жеке менеджер кеңсеге барып, ұйымға түпкілікті нәтиже бере отырып, бәрін өзі жасайды.

7 желтоқсанда ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің тапсырмасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысы қайта жанданды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны