17.04.2008, 18:03 3461

Екі жақты ынтымақтастық жөніндегі қазақ-қырғыз комиссиясының мәртебесін көтеру қажет

Екі жақты ынтымақтастық жөніндегі қазақ-қырғыз комиссиясының мәртебесін көтеру қажет

Бішкек. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Екі жақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық қазақ-қырғыз бірлескен комиссиясының мәртебесін көтеру қажет. Бұл туралы тілшілерге берген сұхбатында Қырғызстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жаныш Рүстенбеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Дұрысында комиссия қабылдаған шешімдердің нәтижесіне көңіл аударған жөн. Өйткені, кейбір бұрнағырақта мәлімделген және талқыланған шешімдер әлі күнге дейін шешілмеген", - деп толықтырды ол.

Шешілмеген мәселелердің бірі ретінде ол еңбек миграциясы саласындағы проблемаларды атады.

"Илі күнге дейін Қазақстанға келетін Қырғызстан азаматтарының паритеттілік мәселесі шешілмеген. Қазақстан азаматтары Қырғызстанда тіркеусіз 90 күнге дейін тұра алады. Алға жылжу осы Қазақстан жағынан байқалмай отыр. Солай бола тұра, біздің ара қатынасымызда сындарлы диалог жолымен және өзара мүдделерді ескере отырып шешілмейтін мәселе жоқ екенін айтқым келеді. Нақты мысал - Қазақстан іскерлерінің Қырғызстандағы меншігі жөніндегі баяғыдан келе жатқан даудың шешілуі", - деді елші.

Ж. Рүстенбеков Қырғызстанның тек курорттық нысандарды меншікке беретінін, ал олар орналасқан жер Қазақстанға 49 жылға жалға берілетінін атап көрсетті. Қазақстан өз кезегінде пансионаттардың дәрежесін 3-4 жұлдызды қонақ үйлерге дейін көтеруге , олардың жыл он екі ай жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, туристер ағымын арттыруға, сондай-ақ, жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Жоғары деңгейдегі кездесудің басты мәселесі Орта Азия елдерінің одағын құру идеясын әрі қарай алға жылжыту болады деп күтілуде.

"Орта Азия республикалары үшін интеграция идеясы көңілге қонымды. Себебі, олар географиялық жағынан жақын орналасқан, мәдени және тарихи тамырлары ортақ және бастысы су мен жер қойнауларын бірлесе, орынды пайдаланса, Орта Азия республикалары мықты экономика құра алады", - деді Ж. Рүстенбеков.

Дипломаттың пайымдауынша, Қамбарата су электр станциясын салу жобасы екі республика арасындағы перспективалы және өзара пайдалы іс ретінде көрінеді. Қазақстан жағы қазірдің өзінде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне 8 млн АҚШ долларын салып қойған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны