13.04.2023, 09:48 25376

Екібастұздағы "Богатырь Көмір" кәсіпорнында 45,5 млн теңгеге ұрлық анықталды

Күдіктілер ЖШС-нің орта буын басшылары болып табылады
Екібастұздағы "Богатырь Көмір" кәсіпорнында 45,5 млн теңгеге ұрлық анықталды
Сурет: samruk-energy.kz
Екібастұз. 13 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Екібастұз қаласындағы "Богатырь Көмір" ЖШС орта буын басшыларының қылмыстық әрекетін ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті анықтады, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Автобаза директоры ЖШС-да басшылық қызмет атқаратын басқа тұлғалармен жүйелі түрде тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап, 45,5 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірген деген күдікке ілінді", - деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.


Қылмыстық схема көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін есептен шығару, жаңасын алу және оларды орнату имитациялап, құжаттарға қол қоюдан тұрды. Жаңа қосалқы бөлшектер болмағандықтан арнайы техника істен шығып, ұзақ уақыт жұмыс істемей тұран. Ал, жоғарыда аталған тұлғалар жаңа қосалқы бөлшектерді сатып отырған.

Аталған тұлғалар ұсталып, ұрланған жүк көліктерінің қозғалтқыштары мен беріліс қораптары тәркіленді. Сот олардың кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады ҚМА.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны