25.05.2007, 16:57 3095

Екібастұз әкімшілігін Нұрлан Нәбиев уақытша басқаратын болды

ПАВЛОДАР. 25 - мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісов Екібастұздың атқамінерлеріне қала әкімінің міндетін атқарушыны таныстырды. Бұл қызметке осыған дейін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментін басқарып келген Нұрлан Нәбиев тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Павлодар облысы әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Екібастұздың бұрынғы әкімі Валерий Набитовский отставкаға кеткен.

В. Набитовскийдің лауазымнан кетуінің себебі туралы әзірге ешқандай ресми ақпарат жоқ. Тек 2-сәуірден бастап ол еңбек демалысында болғандығы және осы аптаның басында жұмысқа шыққандығы белгілі. Ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенсек, Набитовский демалысқа сот процессіне дайындалу үшін шыққан.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2006 жылдың 28-қарашасында қаржы полициясының қызметкерлері Набитовскийге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 177-бабының 2-тармағы (алаяқтық) бойынша жер телімін заңсыз беруге байланысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Көп кешікпей құқық қорғау органдарының қызметкерлері оның үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "қызмет бабын бас пайдасына жарату жөніндегі" 307-бабының 3-тармағы бойынша екінші қылмыстық іс қозғаған.

В. Набитовский журналистерге берген түсініктемесінде өзіне тағылған айыппен мүлдем келіспейтіндігін және өз ұстанымын сот тәртібімен қорғайтынын айтқан болатын.

52 жастағы В. Набитовский 2006 жылдың 20-қазанында сынақ түріндегі сайлауда Екібастұздың әкімі болып сайланған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны