14.05.2014, 21:47 5357

Экологиялық бизнес жобалар байқауының қатысушылары грантты аяқтағаннан кейін де жұмыс істеуде

"Балалардың экологиялық бизнес жобалары" республикалық байқауы қатысушыларының шамамен 35%-ы грантты аяқтағаннан кейін де жұмыс істеулерін жалғастыруда.

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan today. "Балалардың экологиялық бизнес жобалары" республикалық байқауы қатысушыларының шамамен 35%-ы грантты аяқтағаннан кейін де жұмыс істеулерін жалғастыруда. Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясы барысында "Шеврон" компаниясының үкіметпен және жұртшылықпен байланыс департаменті директорының орынбасары Жанболат Үсенов мәлімдеді.

"Экологиялық бизнес жобалар байқауы бағдарламада "Шеврон" компаниясының құрылған күнінен бергі қозғап келе жатқан құндылықтары үйлесім тапқан. Ол дегеніңіз қоршаған ортаны қорғау мен кәсіпкерлікті жауапкершілікпен жүргізу және адам ресурсын дамыту мәселелері. Біз байқаудың Қазақстан бойынша кеңінен тарағанына қуаныштымыз. 8 жыл ішінде байқауға қатысу үшін 1000-нан астам жұмыс келіп түсті. Соның әрбір оныншы қатысушысы компания тарапынан қолдау тапты", - деді ол.

Оның айтуынша, статистика бойынша байқау қатысушыларының 35%-ы грантты аяқтағаннан кейін де жұмыс істеулерін жалғастыруда.

"Менің пікірімше, бұл өте үлкен жетістік. Олардың жұмыстарын кейіннен жергілікті әкімдіктер, қоғамдық мемлекеттік ұйымдар мен жекелеген демеушілер қолдайды", - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Астанада "Экология бойынша балалардың жобалары" атты байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Үздік жобалардың көрме-жәрмеңкесі өтуде.

Байқауға елдің түкпір-түкпірінен 200 шақты бүлдіршіннің еңбегі келіп түсті. Солардың 13-і өз идеяларын іске асыру үшін жалпы көлемі 1 800 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Алдағы уақытта олар іске кірісіп кетпек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны