14.07.2020, 10:30 3503

Экология министрлігі Атырауда тазарту нысандары құрылысының қарқынын тездетуді талап етеді

Экология министрлігі қабылдаған шаралардан кейін сот арқылы "Су Арнасы" қызметі тоқтатылды, Атырау МӨЗ жоспарлы жөндеуге кірісті.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan Today - Экология министрлігі Атырауда тазарту нысандары құрылысының қарқынын тездетуді талап етеді

Атыраудағы ауаның ластануы және күкіртсутектің иісі туралы көпшіліктің шағымдары негізінен "Су Арнасы" компаниясының қаладағы тазартылмаған суларды ағызуымен, сондай-ақ Атырау МӨЗ-нің қалдықтарымен байланысты деп санайды Экология министрлігі Экологиялық реттеу комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов.

Экология министрлігі қабылдаған шаралардан кейін сот арқылы "Су Арнасы" қызметі тоқтатылды, Атырау МӨЗ жоспарлы жөндеуге кірісті. Қаладағы ауаны ластау мәселесін Атырау әкімдігінің тазарту нысандарын салу жөніндегі көп миллиардтық жобасын жүзеге асыру арқылы шешу керек, дегенмен ол кешеуілдеуде.

Қазірде Экология министрлігі ағын суларға жауап беретін компанияларды, соның ішінде Атырау МӨЗ-ін тексеруді бастайды. Жергілікті әкімдік "ҚазМұнайГазбен" бірлесіп, арнайы келісімге сәйкес, күкіртсутегі булары пайда болатын қаладағы төгінді жинақтағыштарды қалпына келтіруді де қолға алуы керек екенін еске салады.

"Қалада "Тухлая балка" тұрмыстық қалдықтарды буландырғышы орналасқан. "Су Арнасы" компаниясы арқылы 80%, зауыттан 20% қоқыс шығарылады. Жинақтағышқа барлық қалалық төгінділер іс жүзінде тазартылмай жиналады. Нәтижесінде күкіртсутектің негізгі көзі - 1000 га жер пайда болады, онда органикалық заттардың ыдырау процестері - ағынды сулар, соның ішінде мұнай өнімдері де болады. Бұл иіс әсіресе қалада жел болмаған кезде және ауа температурасы жоғары болған кезде сезіледі. Сондықтан тұрғындардан шағымдар түсуде. Сот арқылы біз "Су Арнасы" компаниясының шығарындылары мен қызметін тоқтаттық.

Әкімдік жаңа тазарту құрылыстарын салу бағдарламасын әзірледі, қаражат алды, бірақ кестеден кешігуде. Бұл көп миллиардтық жоба. Жобаның нәтижесінде тазартусыз төгінділер тоқтауы керек. Сонымен қатар, "ҚазМұнайГаз" бен әкімдіктің арқасында екінші кезеңде өңделген жинақтағыш жерлер қалпына келтірілуі керек", - деп түсіндірді Экология министрлігінің өкілі Зұлфыхар Жолдасов.

"Біз барлық шараларды қолдандық, нұсқаулар бердік, шығаруға тыйым салдық, "ҚазМұнайГазбен" қалпына келтіруді қаржыландыру мәселесі бойынша меморандум жасадық.

Бүгінгі таңда Атырау МӨЗ жоспарлы жөндеу аясында жұмысын тоқтатты. Дегенмен, компанияға қатысты тексеру мәселесін қарастырып жатырмыз, өйткені жанама шығарындылар болуы мүмкін. Компания өз жоспарында тазарту құрылыстарын салуды, ағынды суларды оқшаулауды белгіледі. Барлығы өте баяу жүргізілуде. Енді әкімдікке де, коммуналдық қызметке де, "ҚазМұнайГазға" қатысты да шаралар қолданатын боламыз. Жаңа тазарту нысандары салынғанда, бұл мәселені шешу керек", - деді З. Жолдасов.

Атырау тұрғыны Тәуірбек Жұмабергенұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі жарияланымында қаладағы ластанған ауа туралы жазады. Жауап ретінде Атырау облысының Экология департаменті, шын мәнінде, Атырау ауа бассейнінің ластану фактісі қаладағы ауа сапасын бақылау стансасының мәліметтері арқылы расталғанын хабарлады.

Департамент үстіміздегі жылдың 12 шілдесіндегі ауа сапасын бақылау стансасының мәліметтеріне талдау жасады. Станса қаланың атмосфералық ауасындағы күкіртсутегі шекті рұқсат етілген концентрациядан асатынын тіркеген. Ластану көздері - Атыраудың сол және оң жағында орналасқан булану алаптары. Қаладағы ауаны ластау фактісі бойынша Департамент арқылы "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға қатысты тексеру тағайындалды. Тексеру нәтижесі туралы Экология министрлігі қосымша хабарлайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны