13.07.2015, 10:43 3601

Экс-премьер-министр Серік Ахметовтіӊ ісі сотқа берілді

Қарағанды облысыныӊ прокуратурасы экс-премьер-министр Серік Ахметовке қатысты қызмет бабын асыра пайдалануға, бюджет қаражатын ұрлауға және кәсіпкерлік қызметке заӊсыз араласуға байланысты айыптау бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарын зерделеуді аяқтады

Қарағанды. 13 Шілде. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ прокуратурасы экс-премьер-министр Серік Ахметовке қатысты қызмет бабын асыра пайдалануға, бюджет қаражатын ұрлауға және кәсіпкерлік қызметке заӊсыз араласуға байланысты айыптау бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарын зерделеуді аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасыныӊ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Қарағанды облысыныӊ прокуратурасы экс-премьер-министр С.Н. Ахметовке, облыс экс-әкімі Б.Т. Ибдішевке, Қарағанды қаласыныӊ экс-әкімі М.А. Смағұловқа және басқа да облыс әкімшілігініӊ лауазымды қызметкерлері мен коммерциялық ұйымдардыӊ қызметкерлеріне (барлығы 21 адам) қатысты қызмет бабын асыра пайдалануға, бюджет қаражатын ұрлауға және кәсіпкерлік қызметке заӊсыз араласуға байланысты айыптау бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарын зерделеуді аяқтады.

Сондай-ақ С.Н. Ахметов аса ірі көлемде пара алғандығы үшін де айыпталып отыр.

2015 жылғы 13 шілдеде жоғарыда аталған адамдарға қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қаралуы үшін Қарағанды облысыныӊ Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Айыпталушылар сотқа берілді", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны