14.02.2011, 15:55 3743

Елбасы халық жазушысы Изілхан Нұршайықовтың өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Изілхан Нұршайықовтың өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Изілхан Нұршайықовтың өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елбасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Изаға - нағыз халық жазушысы еді. Оның әрбір шығармасын жұртшылық қызыға оқитын. Өмірінің соңғы күндеріне дейін қолынан қаламын тастамаған қаламгер өнімді еңбек етіп қана қоймай, халқымызды ынтымақ пен бірлікке шақырып, тәуелсіз еліміздің тілеуін тілеп өтті. Оның шығармалары ізгілікке қандай толы болса, өзінің жаны да сондай нұрлы да мөлдір еді. Мен оның өзіме берген батасын, жазған хаттарын, арамызда болған әңгімелерді ұмытпаймын. Изағаның өнегелі өмірін, жарқын бейнесін, ғибраты мол шығармаларын халқымыздың да ұмытпасына сенемін" делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны