28.06.2010, 17:36 2926

Елбасы Қазақстандағы алғашқы халықаралық деңгейдегі "Назарбаев Университетін" ашты

Бүгін Астанада "Назарбаев Университетінің" ғимаратында Қазақстандаға алғашқы халықаралық деңгейдегі университеттің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, жаңа бірегей білім беру жобасын іске қосуға жиналғандарды құттықтады.

Астана. 28-маусым. Kazakhstan Today Бүгін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы алғашқы халықаралық деңгейдегі "Назарбаев Университетін" ашты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Бүгін Астанада "Назарбаев Университетінің" ғимаратында Қазақстандаға алғашқы халықаралық деңгейдегі университеттің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, жаңа бірегей білім беру жобасын іске қосуға жиналғандарды құттықтады.

Естеріңізге сала кетсек, "Назарбаев Университеті" Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен құрылған болатын.

Қазіргі уақытта университет әлемнің озық 30 жоғарғы оқу орындарының тізіміне кіретін университеттермен ынтымақтастық жасау туралы 11 келісімдер жасаған. Үстіміздегі жылы президенттің шешіміне сәйкес осы университеттің шәкірттеріне 500 білім гранты бөлінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны