22.07.2019, 19:21 11460

Электрлік өздігінен жүретін машиналар "мопед" көлік құралдарының санатына жатады

Бұл ретте оларды басқаратын адамдар Жол жүрісі қағидаларын барлық уақытта сақтамайды, бұл, өз кезегінде, жол-көлік оқиғасын жасауға және әртүрлі жанжалды ахуалдың туындауына әкеп соқтырады.

Нұр-Сұлтан. 22 шілде. Kazakhstan Today - Соңғы уақытта жол жүрісіне құатысушылардың арасында электрлік өздігінен жүретін машиналар (электросамокаттар) сияқты көлік құралдарының түрлерін пайдалану кеңінен таралып барады.

Бұл ретте оларды басқаратын адамдар Жол жүрісі қағидаларын барлық уақытта сақтамайды, бұл, өз кезегінде, жол-көлік оқиғасын жасауға және әртүрлі жанжалды ахуалдың туындауына әкеп соқтырады.

Сонымен бірге электрлік өздігінен жүретін машиналар "мопед" көлік құралдарының санатына жататынын атап өткен жөн.

Мәселен, "Жол жүрісі туралы" Заңға сәйкес мопед - цилиндрінің көлемі елу текше сантиметрден аспайтын іштен жану қозғалтқышымен не электрлі қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын екі немесе үш дөңгелекті көлік құралы. Мопедтерге аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік құралдары теңестіріледі (оның ішінде электрлік өздігінен жүретін машиналар).

Көрсетілген көлікті басқаратын адамдар жүргізушілер болып табылады, олар ЖЖҚ білуі және сақтауы тиіс. Электрлік өздігінен жүретін машиналарды басқару құқығы он алты жасқа толған адамдарға беріледі. Бұл ретте жүргізуші куәлігін алу талап етілмейді.

Мопедтердің жүруіне қосымша талаптар Жол жүрісі қағидаларының 24-бөлімінде айқындалған. Мәселен, осы бөлімге сәйкес мопедтер велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен жүреді. Олар болмаған жағдайда - жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен, бір қатармен жүреді.

Жаяу жүргіншілер өтпелері бойынша жүруге электрлік өздігінен жүретін машиналардың жүргізушілеріне тыйым салынған. Сонымен қатар көрсетілген қатысушыларға бір қолымен болса да ұстанбай жүруге; жолаушылар тасымалдауға; ұзындығы немесе ені бойынша елу сантиметрден асып шығып тұратын габариттегі жүкті немесе көлікті басқаруға бөгет жасайтын жүкті тасымалдауға; жанында велосипед жолы бар жолда жүруге; солға бұрылуға немесе трамвай жүретін жолдарда және осы бағыттағы жүруге арналған бірден артық жолағы бар жолдарда кері бұрылуға, велосипедтер мен мопедтерді сүйретуге тыйым салынған.

ЖЖҚ 19-бөлімі 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес тәуліктің қараңғы уақытында және жолдың жарықтандырылуына қарамастан көрінуі жеткіліксіз жағдайларда, сондай-ақ тоннельдерде мопедтерде габариттік оттар мен алыс және жақын жарық фаралары іске қосылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 615-бабы 1-бөлігіне сәйкес жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Егер де көрсетілген жол жүрісіне қатысушылардың ЖЖҚ бұзушылығы жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ зиян келтiруге әкеп соққан не материалдық залал келтiрсе, онда аталған жағдай ӘҚБтК 615-бабы 2-бөлігіне сәйкес саралауға жатады және он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ӘҚБтК 685-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жоғарыда көрсетілген істерді қараудың ведомстволық бағыныстылығы ішкі істер органдарына (полиция) жүктеледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны