05.09.2018, 19:32 3857

Елімізде азаматтарды бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясы басталады

Елімізде 2018 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін азаматтарды бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясы басталады

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елімізде 2018 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін азаматтарды бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясы басталады.

Ирбір азамат өзініӊ қалауы бойынша кезкелген емханаға тіркеліп, қызмет түрлерін ала алады.

"Елордада кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету аясында тұрғындарға 51 ұйым қызмет көрсетеді. Бұл көрсеткіш алдыӊғы жылмен салыстырғанда едәуір өсті", - дейді Астана қаласы бойынша "ИМСҚ" КЕАҚ филиалы директорыныӊ орынбасары А.Амангелдиев.

А.Амангелдиев тұрғындардыӊ емхана таӊдау барысында саналы түрде шешім қабылдап,үйіне, жұмыс орнына жақын немесе өзіне қолайлы деп тапқан мекемеге тіркелуге болатындығын атап өтті.

Емханаға тіркелу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыныӊ қызмет көрсетушілер тізімінен емхананы таӊдау қажет. Аталған тізім Қордыӊ fms.kz сайтында орналасқан. Таӊдау жасалғаннан кейін азамат , бас дәрігердіӊ атына өтініш жазуы қажет. Емханаға тіркелу барысында өтініш қабылданбайтын жағдайлар болады және оларды түсіністікпен қабылдаған жөн. Біріншіден, егер бір дәрігерге тіркелген адам саны екі мыӊнан асып кеткен жағдайда.Бұл рет тетіркеуге өтініш жазған азамат қызмет көрсету аймағынан тыс жерде тұрып жатқан болса, оныӊ өтініші қабылданбайды. Ал осы медициналық ұйымға қарайтын әкімшілік учаскесініӊ тұрғылықты тұрғыныныӊ өтініші ескеріледі. Екіншіден, емхананыӊ қызмет көрсететін учаскесінен тыс аумақта тұратын адам үйге дәрігер шақырту қызметінен бас тартуға келіспеген жағдайда, ол азамат дәл осы емханаға тіркеуге тұра алмайды. Өйткені медицина мамандары дер кезінде науқастыӊ үйіне көмек көрсету үшін берілген уақыт ішінде жаяужетіп үлгермейді.

Емханаға тіркелудіӊ екінші жолы - онлайн тәртіпте, egov.kz порталы арқылы. Ол үшін азаматтыӊ электрондық цифрлық қолтаӊбасы болғаны жеткілікті.

Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға келетін болсақ, олар емханаларға кедергісіз тіркеле алады.

Азаматтар басқа БМСК ұйымына тұрғылықты мекен-жайын, жұмысын, оқу орнын ауыстырғанда, жазасын өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін, әскери қызметін өтеп болғаннан кейін, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылған жағдайда, сонымен қатар, бұрынғы емханадағы қызмет сапасы көӊілден шықпайтын болса басқа емханаға тіркеле алады.

Естеріӊізге сала кетсек, ИМСҚ медициналық мекемелердіӊ қызмет көрсету сапасын бағалау мақсатында "МСҚ:Халықтық бақылау" мобилді қосымшасын іске қосқан болатын. Мобилдік қосымша азаматтар үшін емхана таӊдау мәселесін едәуір жеӊілдетіні сөзсіз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны