12.07.2013, 13:27 5142

Елімізде ажырасқандар саны 7,3%-ға артқан

Азаматтардың хал актілерін тіркеу (АХАТ) қызметкерлерінің мәліметінше, биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында 20,6 мың ерлі-зайыпты ажырасқан, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

Астана. 12-шілде. Kazakhstan Today - Елімізде ажырасқандар саны 7,3%-ға артқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Азаматтардың хал актілерін тіркеу (АХАТ) қызметкерлерінің мәліметінше, биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында 20,6 мың ерлі-зайыпты ажырасқан, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

"Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ажырасқандар саны 7,3%-ға артып, 1000 мың тұрғынға шаққанда 2,9 адамды құрады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2013 жылдың қаңтар-мамырында АХАТ органдары 56,7 мың некені тіркеген. 2012 жылдің сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 2,3%-ға көп. 1000 мың тұрғынға шаққандағы жалпы коэффициент 8,1 адамды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны