12.01.2015, 09:52 4211

Елімізде бүгін қар жауып, боран соғады деп болжануда

Қазақстан аумағыныӊ басым бөлігінде бүгін қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Астана. 12 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан аумағыныӊ басым бөлігінде бүгін қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазгидрометтіӊ мәліметінше, Жамбыл және Оӊтүстік Қазақстан облысында түнде және таӊертеӊ кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысыныӊ кей жерлерінде көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен боранды жел соғады.

Атырау облысыныӊ кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, боранды жел 15-20 м/с-қа дейн күшейеді.

Ақмола, Маӊғыстау облысында түнде және таӊертеӊ кей жерлерде тұман түсіп, күндіз 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.

Алматы облысыныӊ кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысыныӊ кей жерлерінде боран соғады, күндіз жел күші -15-20 м/с.

Қостанай облысында түнде және таӊертеӊ кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел, боран соғады.

Солтүстік Қазақстан облысыныӊ кей жерлерінде тұман түседі, жел күші -15-20 м/с, күндіз бұрқасындатады.

Шығыс Қазақстан облысыныӊ кей жерлерінде түнде тұман түседі, күндіз боран соғады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны