21.09.2006, 15:17 3245

Елімізде сегізінші мәрте республикалық денсаулық фестивалі өткізіледі

АЛМАТЫ. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today. Елімізде 23-қыркүйекте барлық қалалар мен елдімекендерде сегізінші мәрте республикалық денсаулық фестивалі өткізіледі. Ол биыл "Президенттік миль - денсаулыққа апарар жол" деген ұран астында ұйымдастырылып, "Қазақстан -2030" даму стратегиясы қабылдануының 9-жылдығына арналады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ұлттық орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Ауқымды денсаулық фестивалі Астана уақытымен 11 сағатта басталады.

"Денсаулық фестивалі" аясында еліміз бойынша бір уақытта барлық стадиондар, спорт алаңдары, жоғары білім ошақтары мен мектептерде "Президент милі" атты жаяу жарыс өтеді. Шараға оқушылар, студенттер, ұйымдасқан түрдегі топтар, әскерилер, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен өз еркімен ниет білдірген барша қауым қатыса алады, дейді ұйымдастырушылар.

Шараның мақсаты халықты Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған қозғалысқа қамту, бұқаралық денешынықтыру мен спортты дамытуға саяды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны