23.10.2015, 16:11 5056

Елімізде ҰБТ өткізудіӊ тәртібі тағы өзгеруі мүмкін

Нақтылап айтсақ, емтихан тапсыру тек жазда емес, жылына бірнеше рет ұйымдастырылмақ

Астана. 23 Қазан. Kazakhstan Today - Нақтылап айтсақ, емтихан тапсыру тек жазда емес, жылына бірнеше рет ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Яғни оқуға түсетін түлек өзіне сенімді болса, сынақтан ертерек өтуге мүмкіндік алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрініӊ орынбасары Такир Балықбаев мәлімдеді. Оныӊ айтуынша, қазір жоба әзірлену үстінде. Келер жылы оны қолданысқа енгізіп, сыннан өткізу жоспарда бар. Айта кетейік, мұндай тәжірибе Ресейдіӊ білім жүйесінде бұрыннан бар. Тіпті соӊғы жылдары көршілес елдіӊ жоғарғы оқу орындары Қазақстанға келуін жиілеткен. Өйткені олар емтихан алуды қыс мезгілінен бастайды. Сәйкесінше, теріскейге жол тартқан қазақ студенттері көбеюде, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

Такир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым министрініӊ орынбасары:

- Біз осы жоба арқылы жастардыӊ өзге елге кетуіне тосқауыл қойғымыз келеді. Сондықтан Ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ тәртібіне осындай өзгерістер енгізудеміз. Бұл ретте Ресейдіӊ, Американыӊ тәжірибесіне сүйендік. Жоба жемісін берсе, ҰБТ бір реттік науқан емес, түлектердіӊ талап-тілегіне қарай өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны