03.02.2015, 09:26 4018

Еліміздіӊ басым аумағында ашық күн райы сақталады

Қазақстанныӊ басым аумағы антициклон ықпалында болғандықтан, ашық күн райы сақталады, жекелеген аудандарда тұман түсіп, желдіӊ жылдамдығы 15-22 м/с-ке дейін күшейеді

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым аумағы антициклон ықпалында болғандықтан, ашық күн райы сақталады, жекелеген аудандарда тұман түсіп, желдіӊ жылдамдығы 15-22 м/с-ке дейін күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Тек республиканыӊ батысында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысында түнде таулы аудандарда тұман түсіп, желдіӊ екпіні 25 м/с-ке дейін барады. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оӊтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Қостанай, түнде және таӊертеӊ Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі", - деп хабарлайды "Қазгидромет", деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Маӊғыстау облысында кей жерлерде 17-22 м/с жел соғып, күндіз тұман түседі. Атырау облысында желдіӊ жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін барады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ болады деп күтілуде. Ақтөбе облысында де бұрқасын болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны