10.02.2015, 09:03 4367

Еліміздіӊ басым аумағында қар жауып, жел күшейеді

Қазақстанныӊ басым аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен қар жауып, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді деп күтілуде. Тек республиканыӊ оӊтүстік-шығысында күн ашық болады

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен қар жауып, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді деп күтілуде. Тек республиканыӊ оӊтүстік-шығысында күн ашық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазгидрометтіӊ ақпаратынша, Алматы облысында Жалаӊашкөл ауданында жылдамдығы секундына 18-23 метр, екпіні 23 м/с-ке жететін жел соғады, түнде кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында түнде 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні кей жерлерде 25 м/с-ке дейін барады.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с жел соғады.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде желдіӊ жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде түнде және таӊертеӊ тұман түсіп, күндіз жел соғады.

Маӊғыстау, күндіз Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.

Оӊтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазастан облысында кей жерлерде желдіӊ жылдамдығы 17-22 м/с-ке дейін күшейеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны