13.02.2015, 09:51 4347

Еліміздіӊ басым аумағында күн ашық болады

13 ақпан күні Қазақстанныӊ басым аумағында көшпелі бұлт шығады, күн ашық болады деп күтілуде

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan Today - 13 ақпан күні Қазақстанныӊ басым аумағында көшпелі бұлт шығады, күн ашық болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атлант циклоны мен онымен байланысты атмосфералық ағымдардыӊ әсерінен еліміздіӊ солтүстік облыстарында қар жауып, бұрқасындатады, батыстан 15-25 м/с жылдамдықпен жел соғады, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Ал оӊтүстікте жаӊбыр, жабысқақ қар жауып, көктайғақ болады, ал шығыста қар жауады, күндіз ауа температурасы 0-5ә жылы болады.

Ақмола облысында кей жерлерде 14 м/с жылдамдықпен жел соғып, көшпелі бұлт шығады, күн ашық болады.

Алматы облысында түнде және таӊертеӊ жауын-шашын болып, жылдамдығы секундына 9-14 метрге жететін жел соғады.

Павлодар, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында көшпелі бұлт шығады деп болжануда, күн ашық болады.

Жамбыл облысында 15-20 м/с жел соғады, күн ашық болады.

Маӊғыстау облысында кей жерлерде тұман түсіп, жауын-шашын жауады, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел соғады, кей жерлерде қар жауып, түнде бұрқасындатады, тұман түседі.

Оӊтүстік Қазақстан облысында түнде және таӊертеӊ 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жауып, тұман түседі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны