24.04.2015, 10:12 4053

Еліміздіӊ басым аумағында жаӊбыр жауып, жел күшейеді

Қазақстанныӊ басым аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаӊбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, тек республиканыӊ оӊтүстік-шығысында, батыс пен сольтүстік-батыстыӊ кей жерлерінде күн ашық болады

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым аумағында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаӊбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, тек республиканыӊ оӊтүстік-шығысында, батыс пен сольтүстік-батыстыӊ кей жерлерінде күн ашық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазгидрометтіӊ мәліметінше, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Алматы, Батыс Қазақстан, күндіз Атырау облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл облысында кей жерлерде шаӊды дауыл көтеріліп, желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.

Оӊтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, шаӊды дауыл көтеріледі.

Маӊғыстау облысында кей жерлерде найзағай жарқырайды деп күтілуде.

Қарағанды облысында түнде найзағай ойнап, тұман түседі, кей жерлерде желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан, түнде Қызылорда облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, 15-20 м/с жел соғады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны