20.02.2007, 18:48 3062

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады деген ескерту жарияланды

АЛМАТЫ. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады деген ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Қазгидромет" РМК-ына сілтеме жасап.

Мәселен, 22-ақпанда Батыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасындатады, кей жерлерде қатты боран соғады, желдің жылдамдығы секудына 17 - 22 метрге жетеді.

22 - 23-ақпанда күндіз Ақтөбе облысында, 23-ақпанда Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында қар жауып, бұрқасындатады, кей жерлерде қатты боран соғады. Желдің жылдамдығы секудына 17 - 22 метрге, кей жерлерде 24-29 метрге жетеді.

Ақмола, Павлодар облыстарында 23-ақпанда қар жауып, бұрқасындатады, кей жерлерде қатты боран соғады. Желдің жылдамдығы секудына 17 - 22 метрге, кей жерлерде 24-29 метрге жетеді.

23-ақпанда күндіз және 24-ақпанда тәулік бойы Шығыс Қазақстан облысында боран соғады, кей жерлерде қатты бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секудына 24-29 метрге жетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны