07.12.2015, 21:35 4355

Еліміздіӊ басым бөлігінде көктайғақ болады

Еліміздіӊ солтүстік аймақтарында жақын күндері көктайғақ пен бұрқасын болмақ

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ солтүстік аймақтарында жақын күндері көктайғақ пен бұрқасын болмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көптеген аймақта қар жауып, бұрқасын соғады. Сондай-ақ орталық және солтүстік аймақтарда жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жететін күшті жел тұрады деп күтілуде. Астана қаласы бойынша түнде ауа температурасы -4 градусқа жетсе, Алматыда жауын-шашынсыз, күндіз 5-7 градус жылы, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

Ләззат Керімова, "Қазгидромет" РМК жетекші инженер-синоптигі:

- Бұрқасын болады. Жел күшейеді. Оӊтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 28 метрге дейін жетеді. Қазақстанныӊ солтүстік өӊірлерінде бұрқасын көктайғақ болғандықтан, алыс жолға шықпауға кеӊес береміз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны