02.02.2015, 09:54 3799

Еліміздіӊ бірқатар өӊірінде күн аздап жылынады деп күтілуде

"Еліміздіӊ басым аумағы антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады. Тек республиканыӊ оӊтүстігі мен оӊтүстік-шығысында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Қазақстанныӊ батысы мен оӊтүстігінде жел күшейеді деп болжануда"

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Синоптиктердіӊ болжамынша, Қазақстанныӊ бірқатар өӊірінде күн аздап жылынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазгидрометтіӊ мәліметінше, республикада ақпан айыныӊ алғашқы күндері ауа температурасы климаттық нормадан 2-6ә жоғары болады деп күтілуде. Сібір антициклоныныӊ ықпалы сақталатындықтан, ауа температурасы айтарлықтай көтерілмейді, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

"Еліміздіӊ басым аумағы антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады. Тек республиканыӊ оӊтүстігі мен оӊтүстік-шығысында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Қазақстанныӊ батысы мен оӊтүстігінде жел күшейеді деп болжануда", - делінген хабарламада.

Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жалаӊашкөл ауданында жылдамдығы секундына 20-25 метрге, екпіні 28 м/с-ке жететін жел соғады. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с жел соғады. Маӊғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Оӊтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны