15.04.2015, 10:23 4111

Еліміздіӊ бірқатар өӊірінде жаӊбыр жауады

Қазақстанныӊ оӊтүстігі мен оӊтүстік шығысында кей жерлерде жаӊбыр жауып, тұман түседі, жел күшейеді деп болжануда, қалған аумақта ауа райы ашық болады

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ оӊтүстігі мен оӊтүстік шығысында кей жерлерде жаӊбыр жауып, тұман түседі, жел күшейеді деп болжануда, қалған аумақта ауа райы ашық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Алматы облысында кей жерлерде күн күркіреп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп болжануда. Маӊғыстау, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды, түнде Ақмола облысыныӊ кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай облысыныӊ кей жерлерінде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысыныӊ кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таӊертеӊ тұман түседі", - деп хабарлайды Қазгидромет, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, синоптиктердіӊ болжауынша, алдағы тәуліктерде Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарыныӊ өзендерінде су деӊгейі күрт көтерілуі мүмкін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны