29.05.2015, 08:50 4070

Еліміздіӊ бірқатар өӊірінде жауын жауып, найзағай ойнайды

Қазақстанныӊ басым аумағында күн ашық болады, тек республиканыӊ солтүстігінде, оӊтүстік-батысы мен шығысында жауын жауып, найзағай ойнайды, батыста екпінді жел соғады, ал солтүстікте түнде кей жерлерде тұман түседі

Астана. 29 Мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ басым аумағында күн ашық болады, тек республиканыӊ солтүстігінде, оӊтүстік-батысы мен шығысында жауын жауып, найзағай ойнайды, батыста екпінді жел соғады, ал солтүстікте түнде кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Атырау, Батыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Маӊғыстау облысында кей жерлерде жел соғып, найзағай ойнайды. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таӊертеӊ тұман түседі, күндіз найзағай ойнайды деп күтілуде. Шығыс Қазақстан өӊірінде желдіӊ жылдамдығы 18 м/с-ке дейін күшейіп, топырақ бетінде -2 градус үсік жүреді. Ақмола облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Атырау, кей жерлерде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында күндіз аптап ыстық болады. Оӊтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұған қоса, алдағы күндері Алматы, Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарыныӊ таулы өзендерінде су деӊгейі ауытқиды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны