28.12.2015, 14:09 4065

Еліміздіӊ бүлдіршіндері Аяз Атаға 3 мыӊнан астам хат жолдады

"Қазпочта" АҚ "Аяз Атаға хат" науқаны аясында хат қабылдауды аяқтады. Қалауын білдірген әр адам акцияға қатысып, балалардыӊ тілектерін орындауға атсалысты

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Қазпочта" АҚ "Аяз Атаға хат" науқаны аясында хат қабылдауды аяқтады. Қалауын білдірген әр адам акцияға қатысып, балалардыӊ тілектерін орындауға атсалысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазпочта" АҚ баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, серіктестерден тұратын комиссия хаттарды қабылдап, сыйлықтар мен Аяз Атаныӊ құттықтау хатын еліміздіӊ түрлі аймақтарына жіберді. Сыйлықтарды Аяз Ата мен Ақшақар болып киінген компания қызметкерлері, серіктестер және БАҚ өкілдері тапсырады.

"Биылғы жылы біз балалардан рекордты хат санын қабылдадық - 3752. Сыйлықтардыӊ көбі Жаӊа жыл қарсаӊында таратылады. Одан қалғанын 13 қаӊтар, Ескі Жаӊа жылға дейін сыйлаймыз. Өкінішке орай, хаттардыӊ 257-сі мекенжайсыз жазылып, жауапсыз қалатын болды", - деп мәлімдеді ақпарат көздері.

Шараға атсалысқан "Хоум Кредит Банк" АҚ ЕБ, "Казахинстрах" АҚ, "СИНЭК", "Samsung Electronics", "Beeline Қазақстан", "OYLA" журналы, "Alina Paint" және "Henkel", сонымен қатар, өӊірлердегі кіші және орта бизнес өкілдері Жаӊа жыл мерекесіне орай барлық облыстық орталықтардыӊ почтамттарында, Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларыныӊ "Мега" сауда, ойын-сауық орталықтарында Аяз Атаға хат жіберуге арналған жәшіктерді орнатты.

"Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны