26.06.2006, 17:52 2856

Еліміздің мектептерінде “Денсаулық және өмір машықтары” атты пән енгізу көзделуде

АЛМАТЫ. 26-маусым. Kazakhstan Today. Еліміздің мектептерінде “Денсаулық және өмір машықтары” атты пән енгізу көзделуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Біз БҰҰ-ның балалар қорымен бірлесіп мектептегі білім беру бағдарламасына “Денсаулық және өмір машықтары” атты пәнді енгізуді жоспарлап отырмыз”,- деп мәлімдеді бүгін Алматыда Нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналымымен бүкіләлемдік күрес күніне орай өткізілген баспасөз мәслихатында Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ұлттық орталығының бас директоры Қазбек Төлебаев.

“Қазір біз білім және ғылым министрлігі арқылы бұл пәннің 12-жылдық оқты убағдарламасына енгізілуіне жұмыс істеп жатырмыз”,- деді ол. Оның айтуынша, пән факультативті емес, міндетті болуға тиіс. Мектептерде бұл пәнді екі тілде бірінші сыныптан бастап енгізу межеленген.



МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны