22.04.2015, 20:22 4128

Еліміздіӊ су тасқыны қауіпті өӊірлерінде алдын алу шараларын және құтқару жұмыстарын тәулік бойы жүргізу тоқтатылған жоқ

2015 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінде өӊірлердегі су тасқыны жағдайы мәселелері бойынша брифинг өткізілді. Спикер болып Комитеттіӊ ресми өкілі Руслан Юрьевич Иманқұлов сөз сөйледі

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінде өӊірлердегі су тасқыны жағдайы мәселелері бойынша брифинг өткізілді. Спикер болып Комитеттіӊ ресми өкілі Руслан Юрьевич Иманқұлов сөз сөйледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кеше, 21 сәуірде Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкіметтіӊ кезектен тыс отырысын өткізді, онда қаралған мәселелердіӊ бірі еліміздегі су тасқыны жағдайы болды. Отырыстыӊ қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға су тасқыныныӊ салдарын жою бойынша іс-шараларды қаржылық және материалдық қамтамасыз етуге қатысты тапсырмалар берді.

Сол уақытта Қарағанды облысында Бұқар жырау ауданыныӊ Ғ. Мұстафин атындағы ауылда су сору жұмыстары жалғасуда. Тамақтандыру пункттері, медициналық орталық, психологтар үздіксіз жұмыс жасауда. Аулаларды тазалау, су басқан үйлерден мүлікті эвакуациялау жүргізілуде. Қазіргі күні 893 тұрғын эвакуацияда. Құтқару бөлімшелерініӊ, ішкі істер органдарыныӊ, жергілікті атқарушы органдардыӊ, коммуналдық қызметтердіӊ күштері мен құралдары тартылған.

Чкалово аулыныӊ 75 тұрғыны эвакуацияда. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардыӊ күшімен су сору жүргізілуде.

Нұра ауданы Тассуат аулыныӊ 80 тұрғыны өз үйлеріне қайтып оралды. 56 адам эвакуацияда. Су деӊгейін бақылау тоқтатылған жоқ. Жерлерді қайта өӊдеу жүргізілуде.

Қарой аулында су деӊгейі тұрақтанды. Елді мекен электрмен қамтамасыз етілді. Құтқарушылар адамдарды қайықтармен өткізіп жатыр. Гуманитарлық көмек көрсету де осындай жолмен ұйымдастырылған.

"Астана-Қорғалжыӊ-Шұбаркөл" автожолында қозғалыс қалпына келтірілді. "Киевка-Жараспай" автожол учаскесінде су жүру тоқтады.

Абай ауданында Көксу аулында және Тасзаимка кентінде автожолдармен су жүру жалғасуда.

Ақмола облысында Целиноград ауданыныӊ Шнет және Ағанас ауылдарыныӊ тұрғындарын елді мекендерде қалған малды жайғау үшін өткелден өткізу ұйымдастырылды. Ауданныӊ 11 аулында тәулік бойы кезекшілік жүргізілуде. Ақмол және Қаражар ауылдарында 850 текше метр су сорылды. Талапкер аулында инертті материалдар бар қаптар дайындау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Қорғалжын ауданы Қорғалжын кентінде де үздіксіз мониторинг жүргізілуде. Қыратта халықты эвакуациялау үшін 6 тұрғын вагон орнатылған. Құтқару бөлімшелерінен 33 адам, 8 бірлік техника және 3 қайық әзірлікте тұр.

Астрахан ауданыныӊ Ягодное, Старый Колутон ауылдарыныӊ, Целиноград ауданыныӊ "Қабанбай батыр-Жалғызқұдық-Ораза", Атбасар ауданыныӊ "Егіндікөл-Жантеке" автожолдарына еріген қар суы тасып жатыр. Жергілікті жерлерде кезекшілік жүргізіліп, ескерту жол белгілері орнатылды.

Солтүстік Қазақстан облысында Аққайыӊ ауданы Қиялы ауылында тасқынға қарсы іс-шаралар жалғастырылып жатыр: ұзындығы 7 шақырым субұрғыш арна құрылғысы бойынша жұмыс жүргізілді, жолдардыӊ жиектері тереӊдетілді.

Шал ақын ауданы Городецкое ауылыныӊ эвакуацияланған 12 тұрғыны өз үйлеріне оралды.

Үлкен Тарангүл көлініӊ маӊында орналасқан Есіл ауданыныӊ Корнеевка ауылындағы тұрғын үйлерді қорғау үшін инертті материалдары бар құм салынған қаптарды салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындармен профилактикалық әӊгімелесу жүргізілді, кезекшілік ұйымдастырылды. Сол жерге облыстыӊ құтқару бөлімшелерініӊ күштері мен құралдары жіберілді.

Тайынша ауданыныӊ Бірлік ауылы, Тимирязев ауданыныӊ Ақсуат ауылы, Шал ақын ауданыныӊ "Петропавл-Жезқазған" автожолдарыныӊ учаскелері арқылы еріген қар суы тасып жатыр.

Павлодар облысыныӊ Баянауыл ауданыныӊ Қарашы, Теӊдік, Сәтпаев ауылдарындағы тасқын жағдайы тұрақталды. Өӊірдіӊ автожолдарында нығайту және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Республикамыздыӊ алты облысында автомобиль жолдарыныӊ 168 учаскесін (25,210 шақырым) тасыған су зақымдаған болатын, оныӊ 112 (16,468 шақырым) қалпына келтірілді.

Су басқан аумақтан еріген қар суын сорып шығарғанныӊ арқасында, қазіргі уақытта 2 434 су басқан үйдіӊ 2 213-інен су шығарылды.

Бүгінгі күні 13 387 тұрғын өз үйлеріне оралды. Тасқын кезеӊініӊ басынан бастап барлығы 16 171 адам эвакуацияланды.

40 825 мал басы өз қораларына қайтарылды. Барлығы су басқан аудандардан 43 099 бас үй жануары қауіпсіз жерге айдалды.

Тасқынға қарсы іс-шараларға 6 463 адам жұмылдырылып, 7 404 бірлік техника, 154 су сорғыш құрал, 113 жүзу құралы тартылды.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны