08.07.2018, 23:35 4186

Елорда күнінде ақтөбеліктерге аквапарк тарту етілді

Ақтөбеде Астананыӊ 20 жылдығын мерекелеу аясында дәстүрлі түрде бірқатар жаӊа өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандар іске қосылды. Салтанатты шараларға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Ақтөбе. 8 шілде. Kazakhstan Today - Ақтөбеде Астананыӊ 20 жылдығын мерекелеу аясында дәстүрлі түрде бірқатар жаӊа өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандар іске қосылды. Салтанатты шараларға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Ақтөбеліктерді бұл күні Тұӊғыш Президент саябағыныӊ жанында ашылған аквапарктіӊ ашылуы ерекше қуантты.

Келушілерге үш шомылу аймағы, су аттракциондары мен төбешіктер салынған. Күн сайын мұнда 600-ге жуық адам тыныға алады.

Айта кетейік, бүгін демалушыларды кешенніӊ құрылысы әлі жүріп жатқан ашық жерінде қабылдады. Ол 2019 жылы аяқталмақ. Бұдан кейін қала тұрғындары мен қонақтары су аттракционыныӊ бірегей мүмкіндіктерін жыл бойы пайдалана алады.

Ақтөбеліктерді Елорда күнімен құттықтаған облыс әкімі аквапарк - Ақтөбе облысындағы Бала жылы аясында балаларға тамаша сыйлық болмақ.

- Сіздерді Астананыӊ 20 жылдығымен - елорда күнімен құттықтаймын. Бұл әрбір қазақстандық үшін қазақ халқыныӊ еліміздіӊ жаӊа тарихындағы мемлекеттік тәуелсіздік алуға байланысты жетістіктерін білдіретін айтулы күн. Астана Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ стратегиялық бағыты табысыныӊ нышанына айналды. Қазақстанныӊ жаӊа астанасын толығыменмемлекет басшысыныӊ туындысы және саясаты салтанатыныӊ айқын көрінісі деп санауға болады. Осы мерекеде облысымызда жалпы құны 10 млрд теӊге тұратын 31 жаӊа нысан ашылады. Олардыӊ қатарында қала тұрғындары мен қонақтары үшін сүйікті демалыс орнына айналады сенім білдіріп отырған аквапарк та бар, - деді өӊір басшысы.

Қаланыӊ қақ ортасында орналасқан аквапарк3 гектар алаӊды алып жатыр. жобаға салынған инвестицияныӊ жалпы көлемі 5,8 миллиард теӊге. Отыз адам жаӊа жұмыс орындарымен қамтылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны