25.06.2018, 21:58 4751

Елорда төрінде "Асқақтай бер, Астана!" Түркістан облысы өнерпаздарыныӊ гала-концерті өтті

Елорда құрметіне орай облыстыӊ елді мекендерінде 26 көшеге "Астана" атауы берілді. "Елордаға сыйлық" жобасы бойынша Түркістан облысы тарапынан Астана қаласына тарту ретінде Есіл өзені бойында орталық саябақ пен Министрліктер үйі аралығына дейін 5,173 шақырым веложол салынуда.

Астана. 25 маусым. Kazakhstan Today - Елорда төрінде "Асқақтай бер, Астана!" Түркістан облысы өнерпаздарыныӊ гала-концерті өтті. Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласы мен Астана қаласыныӊ 20 жылдығына орай "Ин мен күй әлдилейді Астананы" атты Түркістан облысыныӊ Астанадағы мәдени күндері аясында ұйымдастырылып отыр.

Тұран елі өнерпаздарыныӊ өнерін тамашалауға ҚР Парламенті мәжілісініӊ депутаттары мен зиялы қауым өкілдері және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Түркістан облысыныӊ халқын еліміздіӊ елордасы - Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерейтойын сезіндіру мақсатында "Ел жүрегі - Астана" тақырыбында көрмелік кешенніӊ ашылуымен басталып, бүгінгі таӊға дейін 760 іс-шара өткізілген болатын.

Елорда құрметіне орай облыстыӊ елді мекендерінде 26 көшеге "Астана" атауы берілді. "Елордаға сыйлық" жобасы бойынша Түркістан облысы тарапынан Астана қаласына тарту ретінде Есіл өзені бойында орталық саябақ пен Министрліктер үйі аралығына дейін 5,173 шақырым веложол салынуда.

Концерт "Шарықтай бер, Астана" театрландырылған-хореографиялық композициясынан бастау алып, дәстүрлі әндер шеруі, қазақ және классикалық, Ш.Қалдаяқов әндерінен попурри, "Дала рухы" композициясымен жалғасын тапты.

Концертке облыстан шыққан эстрада жұлдызы, ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері Алтынай Жорабаева және ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Мәдениет қайраткерлері Үрәлхан Сейілбекова, Марат Оразметов пен ҚР еӊбек сіӊірген әртісі Сәбираш Ибдірайымова және Халықаралық байқаулардыӊ лауреаттары Карина Нажмеддинова, Мөлдір Исаева, Жадыра Абдуллаева, Нұрқанат Тапиев, Аян Төлеген, Нематилло Зкруллаев, Бекзат Тұрғынбек, Ақмарал Биназарова сынды сахна саӊлақтарымен қатар "Тұмар" фольклорлық ансамблі және "Қазына", "Шамсинур", "Фараб" би топтары қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны