08.04.2014, 20:05 15581

Елордада "Астана Таңдауы" конкурсына өтініш қабылдана бастады

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы әкімінің ұсынысымен құрылған "Астана Тандауы" байқауы ең қажетті мамандықтар бойынша үздік маманды "Педагог", "Қоғамдық көлік жүргізушісі" , "Учаскелік инспектор", "Дәрігер", "Энергетик", "Жол жөндеуші" және "Құрылысшы" номинациялары бойынша анықтауға арналған.

Алматы. 8 сәуір. Kazakhstan today. Елордада "Астана Таңдауы" жалпыхалықтық конкурсына өтініш қабылдана бастады.

"Бәйтерек" медиаорталығынан хабарлағандай, өз тағдырын сынағысы келген жан бүгіннен бастап 31 мамырға дейін өтініш жібере алады. Олар [email protected] электронды адресіне өтініш хатын жіберуі қажет. Өтініштердің барлығы қабылданған соң, Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарық көреді. Бұл жерде ашық түрде дауыс беру 1 мен 25 маусым аралығында өтеді. Конкурс жеңімпазы максималды жиналған дауысқа байланысты таңдалады.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы әкімінің ұсынысымен құрылған "Астана Тандауы" байқауы ең қажетті мамандықтар бойынша үздік маманды "Педагог", "Қоғамдық көлік жүргізушісі" , "Учаскелік инспектор", "Дәрігер", "Энергетик", "Жол жөндеуші" және "Құрылысшы" номинациялары бойынша анықтауға арналған. Жалпықалалық "Астана Тандауы" байқауы - біз күн сайын кездестіретін қарапайым адамдардың жанкештілігі мен ерлігі. Өздерінің еңбекқорлығымен, мақсатқа ұмтылу әрекеттерімен олар тұрақтылық пен қоғамның өркендеуі, еліміздің болашағының кірпішін қалап келеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны