18.11.2019, 18:43 19567

Елордада Фариза Оңғарсынованың атына көше берілді

Айта кетейік, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Фариза Оңғарсынованың "Шілде" және "Полдневный Жар" кітаптарының тұсаукесері өтті. Ал Жастар театры сахнасында "Фариза" спектаклі қойылды.

Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - Елордада Фариза Оңғарсынованың атына көше берілді.

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың атына елорданың сол жағалауында көшеу атауы берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Көшенің салтанатты ашылу лентасын қала әкімінің орынбасары мен Фариза Оңғарсынованың ұлы Алмас Оңғарсынов кесті.

"Бүгін міне қазақтың дана қызы, дара қызы Фариза апамыздың атына көше атауы беріліп отыр. Біз өткенді ұмытпауымыз керек. Көше атауын беру өскелең ұрпаққа өнеге болудың белгісі. Фариза апамыздың қай өлеңін оқысаңызда өткір, ол мәселені тігінен айтатын кісі. Апамыздың шығармасы ерекше есте қалатын. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте еңбек етіп, Парламентте өз орны болды. Бұл қызметте халықтың мұңын жоқтап, көп еңбек сіңірді. Сондықтан елордада апамызға көше атауын беру жас ұрпаққа тәрбие берудің үлгісі деп білемін. Фариза апамыздың аты мәңгі өшпесін. Осы көше апамыздың есімімен даңғыл жолға айналсын", - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен салтанатты ашылу рәсімінде.

Айтулы шараға жазуышылар, қоғам қайраткерлі мен ақынның жақын туыстары қатысты.

Ашылуға келген жазушы және қоғам қайраткері Алдан Смайыл Фариза Оңғарсынова туралы естеліктерімен бөлісті.

"Фариза кең адам еді, мінезі қаттылау болғанымен, жан-жағына жақсылық жасап жүретін шалқар жан еді. Мына көшенің де өзіндей кеңдігін көріп, қуанып отырмыз. Фариза ақиқаттың ақыны болды, шындықты айтып өтті. Шындықты айтудың өзі - ерлік. Елдің шындығын, елдің мұңын өле-өлгенше күйттеп кетті. Ал қазір Фаризаға деген халықтың шексіз махаббатын көріп жүрміз. Фариза қазақтың қызы бола отырып, ұлы да бола білген адам. Қазақ өзінің игі жақсыларына ешкімді теңгермейді. Бірақ, Фаризаны Махамбетке теңеді. Мен дәл сондай ұлыларға теңеген басқа қайраткерлерді білмеймін. Фариза өз заманында Махамбеттің орнын жоқтатпаған, соны толтыруға тырысқан ұлы тұлғалардың бірі болды", - деп Алдан Смайыл жылы лебізін білдірді.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Фариза Оңғарсынованың "Шілде" және "Полдневный Жар" кітаптарының тұсаукесері өтті. Ал Жастар театры сахнасында "Фариза" спектаклі қойылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны